Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2011 году

Қаулы · № 279 · қабылданған 30.12.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57215/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2011 году Қолданыста Қаулы ·№ 279 ·30.12.2010
28.10.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2011 году

Қолданыста Қаулы ·№ 279 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2011 году
Атауы (қаз.)
2011 жылы халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
279
Қабылданған күні
30.12.2010
Көрсетілген редакция
28.10.2013 57215_206069.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PD000094
ЭКБ идентификаторы
57215
Редакция идентификаторы
57215_206069
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:20

0 2011 жылы халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1-тармағының 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес, жұмыссыздарға және халықтың әлеуметтiк қорғалмаған санаттарына жұмыспен қамтуға көмектесу және әлеуметтiк қорғау мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық, қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2 2. Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын халықтың нысаналы топтарының құрамына енетiн түлғалардың тiзбесі қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

3 3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, нысаналы топтарының жұмыссыздарына басымды бағыттарды қамтамасыз ететін мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша келісім-шарттар жасасын.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындардың қаржыландырылуы, "Халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" 002 бағдарламасы бойынша, 2011 жылға арналған аудан бюджеті қаражатынан жүзеге асырылады.

5 5. Осы аудан әкімдігінің қаулысы оның ресми жарияланған алғашқы күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.З. Ысқақоваға мiндеттелсiн.

7 Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығы

Аудан әкiмдiгiнiң 2010 жылғы
30 желтоқсандағы № 279
қаулысымен бекітілді
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру Нұсқаулығы
Осы Нұсқаулық халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің (меншiк нысанына қарамастан) есеп айырысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

әлеуметтiк жұмыс орны – халықтың нысаналы тобынан шыққан жұмыссыз адамдарды еңбекке орналастыру үшiн жұмыс және шығындарының бiр бөлiгiн өтемақымен толықтыруға мүмкіндігі бар жұмыс берушiлердің жергілікті атқарушы органмен шартқа отыру негізінде құрылған жұмыс орны;
нысаналы топтар – Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгiленген жұмысқа орналасуда қиындыққа шалдыққан және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн топтар.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек зейнетақылық қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық актілер қолданылады.

3 3. Жұмыссыздардың әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберу "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және оған жұмыссыздарды еңбекке орналастыру тәртiбi

4 4. Әлеуметтiк жұмыс орындары нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн еңбек ақы төлеудiң жергілікті бюджет қаржысы есебінен 70 пайызы мөлшерінде төлеу шартымен жұмыс берушімен ұсынылады немесе ашылады.

5 5. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатында әлеуметтік жұмыс орындары ұсынатын немесе ашатын жұмыс берушілермен қаржыландырудың мерзімі мен шарты және әлеуметтік жұмыс орындарын орындау туралы келісім-шарттар құрады.

6 6. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу олардың келісімі бойынша уәкілетті органмен жүргізіледі.

7 7. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдаған жұмыссыздар уәкілеттi органнан жұмыссыз есебiнен шығарылады.

3 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi мен шарттары

8 8. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi - жұмыс берушiлер мен жергiлiктi бюджет қаржысы.

9 9. Жергілікті бюджеттен әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру "Еңбекпен қамту бағдарламасының" 002 бағдарламасы бойынша "Халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар" бағдарламасы бойынша iске асырылады.

10 10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысына кеткен шығындар жергілікті бюджет қаржысынан өтеледі.

11 11. Еңбек ақы төлеу жұмыс берушімен келісім негізінде берілетін жартылай өтемақымен жасалынады және Республика бойынша бекітілген ең аз жалақыдан кем болмауға тиіс.

12 12. Бюджеттік қаржыны аудару бойынша есеп айырысу жұмыс берушілердің шоттарына жүргізіледі.

4 4. Әлеуметтiк жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiне бақылау жасау

13 13. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығын бақылау заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік органмен жүзеге асырылады.

25 Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын халықтың нысаналы топтарының құрамына енетiн түлғалардың тiзбесі

Аудан әкiмдiгiнiң 2010 жылғы
30 желтоқсандағы № 279
қаулысымен бекітілді
Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына
жұмысқа орналастырылатын халықтың нысаналы топтарының
құрамына енетiн түлғалардың тiзбесі

1 1. 50 жастан асқандар.

2 2. Медициналық-санитарлық сараптамалық комиссияның еңбекке шектеулі жарамдығы туралы анықтамасы бар тұлғалар.

3 3. Отбасында бірде-бір жұмыс істейтін адамы жоқ аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан жұмыссыздар.

4 4. Ұзақ емделуді қажет ететін отбасы мүшелері - жұмыссыздар.

5 5. Көп балалы отбасылардың жұмыссыз ата-аналары.

6 6. Мүгедек балаларды тәрбиелейтін жұмыссыздар.

7 7. 24 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар.

8 8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің жолдамасы арқылы кәсіби дайындықтан және қайта даярлаудан өткен жұмыссыздар.

34 2011 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарына еңбекке орналастыру кестесi

Аудан әкiмдiгiнiң 2010 жылғы
30 желтоқсандағы № 279
қаулысымен бекітілді
2011 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша әлеуметтiк
жұмыс орындарына еңбекке орналастыру кестесi
р/р
Ауыл­дық округ­тер ата­у­ла­ры
Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ры­ла­ды
Ай­лар бой­ын­ша
Қаң­тар
Ақ­пан
На­урыз
Сәуiр
Ма­мыр
Мау­сым
Шіл­де
Тамыз
Қыр­қүй­ек
Қа­зан
Қа­ра­ша
Жел­тоқ­сан
1
Ақтоғай ауылдық округi
43
5
20
18
2
Әуелбек ауылдық округi
2
2
3
Барлыбай ауылдық округi
4
Басқамыс ауылдық округi
5
Жалаулы ауылдық округi
6
Жолболды ауылдық  округi
4
4
7
Қараоба ауылдық округi
2
2
8
Қожамжар ауылдық округi
10
5
5
9
Мүткенов ауылдық округi
5
5
10
Приреченск ауылдық округi
2
2
11
Разумов ауылдық округi
2
2
12
Харков ауылдық округi
10
5
5
13
Шолақсор ауылдық округi
0
Аудан бойынша
80
15
47
18

Қолданыстағы