Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2011 год

Қаулы · № 1058/12 · қабылданған 31.12.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57244/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2011 год Қолданыста Қаулы ·№ 1058/12 ·31.12.2010
29.01.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2011 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1058/12 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2011 год
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін 2011 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1058/12
Қабылданған күні
31.12.2010
Көрсетілген редакция
29.01.2013 57244_209267.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PC000286
ЭКБ идентификаторы
57244
Редакция идентификаторы
57244_209267
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:18

0 Мүгедектер үшін 2011 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз ретінде тіркелген мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуде әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Меншік нысанына қарамастан, Екібастұз өңірінің кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін (келісім бойынша).

2 2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Қ. Базарбаева) жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен квоталық жұмыс орындарына мүгедектердің жұмысқа орналасуларына ықпал етуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.

Қолданыстағы