2011 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 22
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2011 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 16.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2012 · қолданыстағы AI57345_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VO000080
- ЭКБ идентификаторы
- 57345
- Редакция идентификаторы
- AI57345_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:09
0 2011 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне
есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШТІ:
1 1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 2011 жылы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі Садовая көшесі, 6 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастырсын.
2 2. Есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.
3 3. Жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін «Көкпекті ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (келісім бойынша) дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевқа жүктелсін.
5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
«Көкпекті ауданының Қорғаныс
істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бөлімінің бастығы
М. Садықов
«Көкпекті ауданының № 2 медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорыны директорының
міндетін атқарушы
Р. Сафиуалинова