Құжат мәтініне өту

Об организации общественно-оплачиваемых работ на 2011 год

Қаулы · № 42 · қабылданған 14.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57389/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об организации общественно-оплачиваемых работ на 2011 год Күшін жойған Қаулы ·№ 42 ·14.02.2011
03.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественно-оплачиваемых работ на 2011 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 42 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественно-оплачиваемых работ на 2011 год
Атауы (қаз.)
2011 жылға ақылы - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
42
Қабылданған күні
14.02.2011
Көрсетілген редакция
03.02.2012 57389_205684.kaz
Соңғы өзгеріс
03.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11CH000124
ЭКБ идентификаторы
57389
Редакция идентификаторы
57389_205684
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:10

0 2011 жылға ақылы - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағын, 20 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыссыздарға әдейі арналған қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Алматбаева Г. А) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И. Г. Цыбаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

5 Ақылы - қоғамдық жұмыстарды орындау түрлері (жобалары)

Мәртөк ауданы әкімдігінің
2011 жылғы "14" ақпан
№ 42 қаулысына қосымша
Жұмыссыздарға әдейі арналған, қоғамдық жұмыстар
ұйымдастырылатын мекемелер тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері (жобалары) және көлемі
Рет
саны
Мекемелер атауы
Қоғамдық
жұмыстардын
түрлері
/жобалары/
Шарт
бойынша
жұмыстард
ың
көлемі,
1 адамға
/болжам/
/теңге/
Жоспар
бойынша
Қаржыландыру
көздері
Жұмыс
орын
саны,
адам
Қаралған
қаражат,
мың
теңге
1
2
3
4
5
6
7
1
Ауылдық округтер:
Аққұдық
Байнассай
Құрмансай
Мәртөк
Тәңірберген
Селолық округтер:
Байторысай
Қарашай
Қаратоғай
Қызылжар
Жайсан
Родников
Хазірет
Хлебодар
«Құрылыс бригадасы», «Жолдар», «Көркейту», «Туған өлке», «Санақ», «Мейірбан медбике», «Эколог», «Суға батушыны құтқарушы», «Сарбаздар», «Іс шаралар өткізуге септесу», «Ауыл шаруашылығы жұмыстары», «Жады», «Жас мамандар»
15999
184
8289
ЖБ
2
«Мәртөк аудандық прокуратурасы» ММ
«Көркейту»,
«Құрылыс бригадасы»
15999
4
192
ЖБ
3
«Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
«Санақ»,
«Кеңесші»
15999
6
288
ЖБ
4
«Мәртөк ауданы қорғаныс істер бөлімі» ММ
«Санақ»
15999
9
432
ЖБ
5
«Мәртөк аудандық білім бөлімі» ММ және аудан мектептері
«Санақ», «Көркейту», «Құрылыс бригадасы»
15999
4
192
ЖБ
6
«Мәртөк аудандық орталық емханасы» МКҚК
«Санақ », «Көркейту», «Құрылыс бригадасы»
15999
2
96
ЖБ
7
«Мәртөк аудандық соты»
«Санақ », «Көркейту»
15999
8
384
ЖБ
8
«Аудандық ішкі істер бөлімі»
«Сарбаздар»
15999
3
144
ЖБ
9
«Мәртөк орман шаруашылығы» ММ
«Тәлімбақ», «Көркейту»,
15999
35
1680
ЖБ
10
«Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Мәртөк аудандық мәдениет үйі» МКҚК
«Іс шаралар өткізуге септесу»,», «Көркейту», «Құрылыс бригадасы»
15999
10
480
ЖБ
11
«Аудан әкімінің аппараты» ММ
«Санақ», «Көркейту», «Құрылыс бригадасы»
15999
8
384
ЖБ
12
«Мәртөк ауданының әділет басқармасы» ММ
«Санақ», «Кеңесші»
15999
8
384
ЖБ
13
РМҚК Ақтөбе облыстық филиалы Мәртөк аудандық ветеринариялық зертханасы.
«Ауыл шаруашылығы жұмыстары»
15999
4
192
ЖБ
14
«Ақтөбе облысының сот актілерін орындау комитетінің» Мәртөк аумақтық бөлімі
«Санақ»
15999
4
192
ЖБ
15
«Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ
«Санақ»
15999
2
96
ЖБ
16
Мәртөк ауданының мемлекеттік мұрағаты
«Санақ», «Жады»
15999
4
192
ЖБ
17
Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы РМҚК Мәртөк аудандық филиалы
«Санақ»
15999
2
96
ЖБ
18
Мәртөк жем шөп мемлекеттік сорт сынау бөлімшесі
«Санақ»
15999
3
144
ЖБ
Барлығы
300
13857,0
Ақылы - қоғамдық жұмыстарды орындау түрлері (жобалары)

1 1. «Құрылыс бригадасы»:

Су, газ, кәріз құбырларын және басқа коммуникация жүйелерін төсеу және жөндеу, мектеп, балабақша, аурухана және басқа да бюджеттік сала объектілерін жөндеу. Құрылыс аяқталмаған, жартылай қираған ғимараттарды қалпына келтіру.

2 2. «Жолдар»:

Жаңа жолдарды төсеу және қолданыстағы жолдарды және жол жиектерін, тротуарларды шөптен тазартуға, жөндеуге, жолға төселген материалдарды бекітуге, ұзақ жолға жүретін қоғамдық көліктің тұрағын көркейтуге көмек көрсету.

3 3. «Көркейту»:

Аулаларды, гүлзарларды, парктерді, елді мекендерді көркейту. Екпе ағаштарды отырғызу және күту, гүлзарларды отырғызу, парктерді бөлу. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру.

4 4. «Туған өлке»:

Отынды дайындау, құдықтарды, бұлақтарды тазарта отырып, отырғызылған ағаштарды тазарту. Көпшіліктің шомылуына пайдаланатын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоршау.

5 5. «Ауыл шаруашылығы жұмыстары»:

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге, дайындауға және жинауға маусымдық көмек көрсету (көкөніс және бақша өнімдері). Қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өріске жаю мен күзету. Малдарды идентификациялау.

6 6. «Тәлімбақ»:

Ағаштардың, гүлдердің көшеттерін аумақтарды жасыл желектендіру және абаттандыру кезінде одан әрі пайдалану мақсатында өсіру.

7 7. «Санақ»:

Республикалық, аймақтық науқандарды (түрлі санақтар, әскерге шақыру, зейнетақы және жәрдемақыларды қайта есептеуге көмектесу, халыққа қызмет көрсету орталығында көмек беру) ұйымдастыруға қатысу және салықтарды жинауға көмектесу.

8 8. «Іс шаралар өткізуге септесу»:

Мәдени мақсаттағы ауқымды іс- шараларды (спорттық жарыстар, халықтық мерекелер) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету.

9 9. «Жады»:

Тарихи – сәулеттік ескерткіштерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру, оларды күзету және күту. Молаларды, бауырластар зираттарын абаттандыру, тазалау және күзету.

10 10. «Кітапқа – екінші өмір»:

Қалалар мен аудандардағы мектептердің кітапханаларындағы, көпшілікке арналған кітапханалардағы кітап қорларын қалпына келтіру. Кітаптардың жекелеген беттері мен мұқабаларын алмастыра отырып жаңғырту.

11 11. «Мейірбан медбике»:

Денсаулық сақтау мекемелері мен үйде ауру және қарт адамдарды күту.

12 12. «Тігінші»:

Ауруханаларда, мектептер мен мектеп – интернаттарда, балалар үйлерінде, еңбекпен түзеу мекемелерінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде төсек – жаймалармен киім – кешектерді қайта тігу.

13 13. «Эколог»:

Тұрмыстық, қатты қалдықтарды көмуді ұйымдастыруға көмектесу және көму.

14 14. «Кеңесші»:

Аз қамтылған азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңес беру.

15 15. «Сарбаздар»:

Қоғамдық тәртіпті сақтау. Кент және елді мекендерде құқық тәртібін күзетуде көмек көрсету.

16 16. «Суға батушыны құтқарушы»:

Суға түсуге арналған арнайы орындарда балалардың және басқа адамдардың суға түсуін қадағалау, суға батушыны құтқару.

17 Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары

17. «Жас мамандар»:
Жас мамандарды оқу бөлімдерін бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойынша жұмысқа тарту, қабілетін күшейту, мамандығына іс жүзінде көмектесу.
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары
Жұмыс аптасы 5 күн, екі демалыс күндерін құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы еңбек табелінде көрсетілген нақты жұмыс уақытына байланысты жұмыссыздың жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, еңбек қауіпсіздігіне байланысты нұсқаулық жүргізіледі, арнаулы киіммен, құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі, зейнетақы және әлеуметтік есептемелер, уақытша еңбек етуге жарамсыздығына әлеуметтік жәрдемақы төлемі жүргізіледі.

Қолданыстағы