Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2011 год

Қаулы · № 79/1 · қабылданған 04.02.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57485/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2011 год Қолданыста Қаулы ·№ 79/1 ·04.02.2011
29.01.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2011 год

Қолданыста Қаулы ·№ 79/1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2011 год
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2011 жылға арналған қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79/1
Қабылданған күні
04.02.2011
Көрсетілген редакция
29.01.2013 57485_209154.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PC000288
ЭКБ идентификаторы
57485
Редакция идентификаторы
57485_209154
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:12

0 Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2011 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2011 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:

1 1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

2 2) әйелдер үшін 50 жастан жоғары және ер адамдар үшін 55 жастан жоғары тұлғалар;

3 3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;

4 4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;

5 5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар;

6 6) 2010 және 2011 жылдары оқуларын кәсіптік лицейлерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында аяқтаған тұлғалар.

2

2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша "жастар тәжірибесінен" өту үшін жұмысқа орналасқан кезде оқуларын кәсіптік лицейлерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында аяқтаған түлектерге 15 999 (он бес мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) теңге мөлшерде жұмыс берушіге өтелетін қосымша шара ретінде белгіленсін.

3 3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Қ. Базарбаева) нысаналы топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушілермен жасалған келісімшарттарға сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.

4 4. Осы каулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.

Қолданыстағы