Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2011 году

Қаулы · № 58/2 · қабылданған 14.02.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57555/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2011 году Қолданыста Қаулы ·№ 58/2 ·14.02.2011
26.08.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2011 году

Қолданыста Қаулы ·№ 58/2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2011 году
Атауы (қаз.)
2011 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
58/2
Қабылданған күні
14.02.2011
Көрсетілген редакция
26.08.2014 57555_205506.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PL000104
ЭКБ идентификаторы
57555
Редакция идентификаторы
57555_205506
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:10

0 2011 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 1 бабының, 1 тармағының, 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданы бойынша халықтың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі бекітілсін.

2 2. Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1 1) жұмыс берушілермен (келісім бойынша) халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар үшін шарт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырылсын;

2 2) жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде және келісім бойынша мақсатты топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін шарттар жасалсын.

3 3. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде уақытылы қаржыландырылумен қамтамасыз етілсін.

4 4. Успен ауданының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына А.А.Дисюповаға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

9 Успен ауданы бойынша халықтың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі

Успен ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 ақпандағы
№ 58/2 қаулысына
қосымша
Успен ауданы бойынша халықтың мақсатты тобына
жататындардың қосымша тізбесі

1 1. Дәрігерлік-ұжымдық комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуге шектеуі бар адамдар.

2 2. Орта жастан жоғары адамдар (50 жастағы және одан жоғары).

3 3. Жұмыс өтілі және мамандығы жоқ адамдар.

4 4. Жұмыс істемеген адамдар (үш ай және одан аса).

5 5. 29 жасқа дейінгі жастар.

Қолданыстағы