О предоставлении мер социальной поддержки на 2011 год специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бурабайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки на 2011 год специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бурабайского района
- Атауы (қаз.)
- Бурабай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- С-30/2
- Қабылданған күні
- 10.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2013 57626_194819.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BS000194
- ЭКБ идентификаторы
- 57626
- Редакция идентификаторы
- 57626_194819
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:11
0 Бурабай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қаулысының 2 тармағына сәйкес және Бурабай ауданы әкімінің 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 01-10-37 хаты негізінде Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие түріндегі 2011 жылға арналған әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2
2. Бурабай ауданының әкімдігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесін басшылыққа алуы керек.
3 3. Осы шешiм Ақмола облысының Бурабай аудандық Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев
«Бурабай ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы В.Корнеева