Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2011 года

Қаулы · № 37/2 · қабылданған 16.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57782/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 37/2 ·16.03.2011
26.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 37/2 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
Азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37/2
Қабылданған күні
16.03.2011
Көрсетілген редакция
26.03.2012 AI57782_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11P0003184
ЭКБ идентификаторы
57782
Редакция идентификаторы
AI57782_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:52

0 Азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 19-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 1163 Жарлығының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" № 250 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" № 623 қаулысына сәйкес Павлодар облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Павлодар облысының азаматтарын 2011 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу қамтамасыз етілсін.

2

2. Облыс денсаулық сақтау басқармасы азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес медициналық комиссиялардың құрамында жұмыс істеу үшін әскери-дәрігерлік сараптамада тәжірибесі бар тиісті санаттағы медицина қызметкерлерінің қажетті санын бөлсін.

3 3. Облыс ішкі істер департаментіне (келісім бойынша):

ішкі істер органдарында есепте тұрған және бас бостандығынан айырылмай айыпталған азаматтардың тізімдерін шақыру комиссияларына уақытында беру;
әскерге шақырылған азаматтарды әскерге аттандыратын кезеңде облыстық жиналу пункті мен теміржол сапаржайында полиция жасақтарының кезекшілігін ұйымдастыру ұсынылсын.

4 4. Қалалар мен аудандар әкімдері:

шақырылғандарды медициналық тексеру және шақыру комиссияларының жұмысы үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына жабдықталған үй-жайлар берсін, өтінімдерге сәйкес көлікпен, сондай-ақ тиісті санаттағы медициналық қызметкерлердің және техникалық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз етсін;
азаматтарды әскерге шақыру және аттандыру кезінде әскерге шақыру пункттерінде жұмысқа тартылатын шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық персонал мен техникалық қызметкерлердің жұмыс орындарының, атқаратын қызметтері мен орташа еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз етсін;
запасқа шығарылған әскери қызметшілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдессін.

5

5. Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі "Азаматтарды 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 103/7 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3162 болып тіркелді, 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 43 "Сарыарқа самалы", 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 44 "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды).

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.Д. Әбдіқалықовқа жүктелсін.

Келісілді:
Облыс ішкі істер
департаментінің бастығы
А. Оразалиев
Облыс қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің
бастығы
А. Алдажаров

Қолданыстағы