Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении призыва граждан мужского пола Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории Есильского района в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 44 · қабылданған 24.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57834/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об организации и обеспечении призыва граждан мужского пола Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории Есильского района в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 44 ·24.03.2011
15.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении призыва граждан мужского пола Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории Есильского района в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 44 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении призыва граждан мужского пола Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории Есильского района в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Есіл ауданы аумағында 2011 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
44
Қабылданған күні
24.03.2011
Көрсетілген редакция
15.06.2012 57834_179408.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SF000163
ЭКБ идентификаторы
57834
Редакция идентификаторы
57834_179408
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:49

0 Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Есіл ауданы аумағында 2011 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Занының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабы 3-тармағына, 20-бабы 1-тармағына, 23-бабы 1-тармағына, 44-бабына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығының негізінде, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысының 2 бөлімі 4, 5-тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға қықығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ер азаматтарын, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Әскерге шақыруды ұйымдастыру үшін аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

3 3. Шақыру комиссиясы Явленка селосында «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру пунктінің жайында өткізілсін.

4 4. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізудің кестесі 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Явленка орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандардан, медициналық қызметшілерден жинақтасын;

2 2) рентген кабинетінің, функционалдық диагностика кабинетінің, анализ тапсыру зертханасының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

3 3) шақыру комиссиясы жіберген ер азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін орындар қарастырсын:

терапевтік бөлімшеде – 5 орын;
хирургиялық бөлімшеде – 5 орын.

6 6. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы мақсатқа бөлінген ассигнование шегінде аудандық бюджет қаржысы есебінен, азаматтарды әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шаралар шығындарын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

7 7. Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы әскерге шақыру кезінде шақыруды материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін техникалық жұмысшылардың үш штаттық бірлігін (іс жүргізушілерді) жұмысқа қабылдасын, шақырылушыларды тасымалдауға көлік жалдауды қамтамасыз етсін.

8 8. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жіберу үшін облыстық жинақтау пунктіне шақырылушыларды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ.Едіресовке жүктелсін.

10

10. «Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын Есіл ауданы аумағында 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 192 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 29 сәуірде № 13-6-146 тіркелген, 2010 жылғы 7 мамырдағы № 21 (206) «Есіл таңы», 2010 жылғы 7 мамырдағы № 22 (8474) «Ишим» газеттерінде жарияланды).

11 11. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Сүлейменов С.Ә
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
«Явленка орталық аудандық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
Есдәулетов Т.Т.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Ішкі істер департаменті
Есіл ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ыбыраев А.Б.

15 Есіл ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 44 қаулысына
1-қосымша
Аудандық шақыру
комиссиясының құрамы
Кишман Сергей Николаевич - «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл
ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi
бөлiмі» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін уақытша атқарушы,
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Мүжінбаев Орал Заеденұлы - «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл
ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік
мекемесінің бас маманы, шақыру
комиссиясы төрағасының орынбасары
Бариямова Қуаныш Бекболатқызы - Қазақстан Республикасы Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің «Явленка
орталық аудандық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
емханасының мейірбикесі, комиссияның
хатшысы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Рамазанов Марат Қойшыбайұлы - «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер
департаменті Есіл ауданының ішкі iстер
бөлiмі» мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Допира Татьяна Юрьевна - Қазақстан Республикасы Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің «Явленка
орталық аудандық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
емханасының меңгерушісі, медициналық
комиссияның төрайымы (келісім бойынша)

16 2-қосымша

Есіл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 44 қаулысымен бекітілді
2011 жылғы көктемде Есіл ауданы бойынша шақыру комиссиясын өткізу кестесі
Селолық округтер атаулары
адам саны
Комиссия өтетін күндер
05.04-06.
04.
2011ж
06.04-07.04
2011ж
07.04-
08.04
2011ж
08.04-11.
04
2011ж
11.04-12.
04
2011ж
12.04-13.
04.
2011ж
13.04-
14.04
2011ж
Алматы
4
4
Амангелді
6
6
Бұлақ
10
10
Бесқұдық
20
20
Волошинка
21
21
Заградовка
15
15
Заречный
16
16
Ильинка
19
19
Корнеевка
28
28
Николаевка
17
17
Петровка
18
18
Покровка
50
25
Торанғұл
15
15
Явленка
87
8
20
18
8
17
Ясновка
11
11
Спасовка
13
13
Барлығы:
350
48
38
44
43
50
44
42
кестенің жалғасы
14.04.2011ж
22.04.2011ж
29.04.2011ж
04.05.2011ж
13.05.2011ж
20.05.2011ж
03.06.2011ж
25
16
41

17 3-қосымша

Есіл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 44 қаулысымен бекітілді
2011 жылғы күзде Есіл ауданы бойынша шақыру комиссиясын өткізу
кестесі
Селолық округтер атаулары
адам саны
Комиссия өтетін күндер
03.10-04.10
2011ж
04.10-05.10
2011ж
05.10-06.10. 2011ж
06.10-07.10
2011ж
07.10.- 10.10
2011ж
10.10-11.10
2011ж
11.10- 12.10.
2011ж
Алматы
4
4
Амангелді
6
6
Бұлақ
10
10
Бесқұдық
24
24
Волошинка
21
21
Заградовка
19
19
Заречный
16
16
Ильинка
21
21
Корнеевка
28
28
Николаевка
25
25
Петровка
18
18
Покровка
67
33
Торанғұл
15
15
Явленка
104
12
26
3
18
10
17
Ясновка
11
11
Спасовка
13
13
Барлығы:
400
50
50
50
50
50
50
50
кестенің жалғасы
21.10.2011ж
28.10.2011ж
04.11.2011ж
11.11.2011ж
18.11.2011ж
02.12.2011ж
09.12.2011ж
34
16
50

Қолданыстағы