Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси) на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси) на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы азаматтардың жекеленген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүру үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 170/2
- Қабылданған күні
- 11.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2013 57852_208970.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PC000293
- ЭКБ идентификаторы
- 57852
- Редакция идентификаторы
- 57852_208970
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:55
0 2011 жылы азаматтардың жекеленген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүру үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының (ІV шақырылған кезекті ХХVІІ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 309/27 шешімі негізінде және қала азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қалаішілік жолаушылар бағытындағы қоғамдық жолаушылар көлiгiнде толық жол билеті құнының 50% көлемiнде жеңiлдiкпен жол жүру құқығы келесi санаттағы азаматтарға белгіленсін:
1 1) жасына байланысты зейнеткерлер;
2 2) 3-топтағы мүгедектер;
3 3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалы аналар.
2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген азаматтар жеңiлдiкпен жол жүру құқын растау үшiн кондукторға (бақылаушыға) мiндеттi түрде келесi құжаттарды ұсынуы қажет:
1 1) жасына байланысты зейнеткерлер үшiн-зейнеткерлiк куәлiктi;
2 2) 3-топтағы мүгедектер үшiн-мүгедектігі туралы куәлiктi;
3
3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалы аналар үшiн - көп балалы аналардың мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алатынын растайтын "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесінен (келiсiм бойынша) анықтама.
3
3. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" (Ә.Қ. Базарбаева), "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемелерi (Л.П. Векшина) қоғамдық жолаушылар көлiгiмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын кәсiпорындармен (бұдан әрi - Кәсiпорындар) (келiсiм бойынша) бірлесіп, қалаішілік жолаушылар бағыттарындағы жекеленген санаттағы жолаушы азаматтардың ағынына айына бiр рет мониторинг жүргізсін.
4
4. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (Л.П. Векшина) "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әр Кәсіпорынның Екібастұз қаласындағы қалаішілік жолаушылар тасымалдарының жалпы көлеміндегі қатысу үлесі туралы пайыздық қатынаста мәлімет берсін.