Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории Айыртауского района в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 76 · қабылданған 25.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57930/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории Айыртауского района в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 76 ·25.03.2011
06.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории Айыртауского района в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 76 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории Айыртауского района в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
76
Қабылданған күні
25.03.2011
Көрсетілген редакция
06.01.2012 57930_183750.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SC000130
ЭКБ идентификаторы
57930
Редакция идентификаторы
57930_183750
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:48

0 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 19-бабына, 20-бабының 1–тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 1163 Жарлығы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жас аралығындағы мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызмет мерзімін өткермеген оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы халық қауіпсіздігі Комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құралсын:

Чепухин
Сергей Иванович
комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Тілеубаева
Раушан Райымжанқызы
комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;
Комиссия мүшелері
Әшімов
Аян Әбуұлы
«Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары;
Сәдуақасова
Сәуле Сапабекқызы
медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің алғашқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары;
Нұртазина
Әнипа Бақытжанқызы
комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі.

3 3. Шақыру комиссиясының төрағасы немесе мүшелері болмаған жағдайда резервтік аудандық шақыру комиссиясы құрастырылсын:

Тасболатов
Ертай Сайдоллаұлы
комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Рақымов
Болат Шонұлы
комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;
Комиссия мүшелері
Кенжеболатов
Қайрат Оразғалиұлы
«Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары;
Шакішева
Раушан Шәріпқызы
медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің алғашқы медициналық көмек жөніндегі орынбасары;
Задворная
Людмила Михайловна
комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі.

4 4. Селолық округ әкімдері азаматтарды хабарландыруды және олардың шақыру учаскесіне уақтылы келулерін қамтамасыз етсін.

5 5. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп (келісім бойынша):

шақырылғандарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияны дәрігер-мамандармен құрастырсын;
комиссияны қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
ауданның емдеу - алдын ала емдеу мекемелерінде шақыру комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін орындар көзделсін.

6 6. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

7 7. «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):

шақыру және аттандыру кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырсын;
аудандық шақыру пунктінде тәртіпті қамтамасыз етсін.

8

8. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскери қызметке аттану кезінде, облыстық жинау пунктіне салтанатты шығарып салу рәсімін, спорттық-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырып өткізсін.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы (ҚІБ)
С. Чепухин
Айыртау ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы (АІІБ)
Қ. Айтбаев
«Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау Министрлігі Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау
орталық аудандық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
бас дәрігері (ОАА)
С. Молдахметов

Қолданыстағы