Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в 2011 году в Тимирязевском районе

Қаулы · № 63 · қабылданған 24.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57975/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в 2011 году в Тимирязевском районе Күшін жойған Қаулы ·№ 63 ·24.03.2011
19.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в 2011 году в Тимирязевском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ 63 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в 2011 году в Тимирязевском районе
Атауы (қаз.)
Тимирязев ауданында 2011 жылы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
63
Қабылданған күні
24.03.2011
Көрсетілген редакция
19.03.2012 57975_179388.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SL000123
ЭКБ идентификаторы
57975
Редакция идентификаторы
57975_179388
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:49

0 Тимирязев ауданында 2011 жылы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабына 3-тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығымен сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімінен өтпеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер және басқа да әскери құрылымдарына «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесі арқылы (келісім бойынша) шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Шақыру өткізу кезеңіне қосымшаға сәйкес құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.

3 3. Шақыру комиссиясы Тимирязев селосында «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында шақыру пунктінің бөлмесінде өткізілсін.

4 4. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның бас дәрігері Н.В. Габовке ұсынылсын (келісім бойынша):

1 1) шақыру комиссиясына «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сұратуы бойынша шақырылған азаматтарға қажетті медициналық құжаттар ұсынылсын;

2

2) шақыру комиссиясы құрамына кіретін медициналық комиссиясына дәрігерлер-мамандар енгізілсін: терапевті, фтизиатрды, психиатрды, отоларингологты, невропатологты, тіс дәрігерін, дерматовенерологты, хирургты, рентгенологты, көз дәрігерін және шақырушыларды медициналық куәландыру жөніндегі жұмысы бойынша тәжірибесі бар төрт медбике.

5 5. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әскери қызметке азаматтарды шақыру өткізуіне арналған қаражатты дер кезінде бөліп «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі шаралар» 122-005-000 бюджет бағдарламасы бойынша қамтамасыз ету.

6

6. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне шақыруды өткізу уақытына қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеуімен екі адам санында техникалық қызметкерлермен жеке еңбек шарттар жасалсын, сондай-ақ медициналық және шақыру комиссияларынан өтуге шақырылушыларды жеткізу үшін және оларды әскери қызметтен өту үшін автомобиль көлігімен қамтамасыз ету.

7 7. Селолық округ әкімдеріне шақыру комиссиясына селолық округтерінде тұратын шақырылушыларды тұратын мекенжайынан Тимирязев селолсындағы шақыру пунктіне дейін және кері тұратын мекенжайына дейін бірге жүруші тұлғамен қамтамасыз ету.

8 8. Шақыру пунктіне жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген Шақыру комиссия мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмысшыларының, міндеттерін атқару уақытында лауазымдары және еңбекақылары сақталады.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Ж.Ә. Жантоковқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А.Н. Константинов
«Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау Министрлігінің
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
Тимирязев орталық аудандық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазынашылық
кәсіпорынның бас дәрігері
Н.В. Габов
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.К. Шаинов

13 Аудан әкімдігінің

2011 жылғы 24 наурыздағы № 63
қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының
құрамы
Александр Николаевич Константинов – «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Қаншаим Ишханқызы Наурызбаева – «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
Сара Шабданқызы Қалкенова - «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
комиссия мүшелері:
Анарбек Хафизұлы Байгудинов - «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Айман Қажытайқызы Мұстафина - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның дәрігері, дәрігерлік қызметшілердің жұмысын басқаратын басшы, медицина комиссиясының төрайымы (келісім бойынша).

Қолданыстағы