Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 1409 · қабылданған 28.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58018/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 1409 ·28.03.2011
20.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 1409 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1409
Қабылданған күні
28.03.2011
Көрсетілген редакция
20.01.2012 58018_208338.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11LI000199
ЭКБ идентификаторы
58018
Редакция идентификаторы
58018_208338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:47

0 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 1163Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шиелі ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру "Қызылорда облысы Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д.Нурхожин, келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.

2 2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

3 3. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Н.Әмір, келісім бойынша), аудандық шақыру комиссиясы құрамында аудандық медициналық комиссиясы құрсын.

4 4. Қызылорда облысы "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С.Қарынбаев, келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

5

5. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қызылорда облысының әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (М. Бисембаев, келісім бойынша) әскери қызметке шақырылушылардың тегін, атын және әкесінің атын, туған күні мен туған жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы мәліметті "Қызылорда облысы Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беру ұсынылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Жағыпбаровқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Шиелі аудан әкімдігінің

2011 жылғы "28" наурыздағы
N 1409 қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Нурхожин Даулеткали Ергалиевич
"Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Беркімбаев Нұржан Кенжебекович
"Шиелі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Доланбеков Бауыржан Кенбаевич
"Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Курбангалиева Гулмира Валиуллаевна
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
Икматова Гүлбарам Тұрарқызы
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);

Қолданыстағы