Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 53 · қабылданған 25.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58092/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 53 ·25.03.2011
02.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 53 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53
Қабылданған күні
25.03.2011
Көрсетілген редакция
02.05.2013 AI58092_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11NL000154
ЭКБ идентификаторы
58092
Редакция идентификаторы
AI58092_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:48

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 23-бабына, 19-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген кезекті мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

2 2. Селолық округтер, Қарабалық кенті және Тоғызақ селосының әкімдері медициналық және шақыру комиссияны өту үшін шақырушыларды жеткізуді және оларды әскери қызметті өту үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. "Қарабалық ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды 2011 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырсын.

4 4. Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің "Қарабалық ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына ұсынылсын:

әскери міндетті орындаудан жалтарған тұлғаларды жеткізуді қамтамасыз ету;
шақырушыларды әскери бөлімшелерге жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.

5 5. "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы әкімдік қаулысын орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Қарабалық ауданының әкіміне 2011 жылдың 1 шілдесіне және 2012 жылдың 1 қаңтар мерзіміне беру ұсынылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы сәуірден бастап туындаған қатынастарға өз іс-әрекетін таратылады.

Қолданыстағы