Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 159 · қабылданған 29.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58096/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 159 ·29.03.2011
06.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 159 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
159
Қабылданған күні
29.03.2011
Көрсетілген редакция
06.01.2012 58096_192351.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11ND000182
ЭКБ идентификаторы
58096
Редакция идентификаторы
58096_192351
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:45

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 23-баптарына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар мерзімді әскери қызметке 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

2 2. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кезекті шақыру бойынша іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Октябрь кентінің, Красногор селосының әкімдері шақырушыларды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызметті өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.

4 4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысы ішкі істер департаменті Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1 1) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғалардың жеткізілуін қамтамасыз ету;

2 2) шақырушыларды әскери бөлімдерге жөнелту және шығару кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С.Сапароваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысының ішкі
істер департаменті Қостанай
облысы Лисаков қаласының
ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________ Т. Айсин
"Қостанай облысы Лисаков
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ А. Никифоров

Қолданыстағы