О предоставлении права льготного проезда некоторым категориям обучающихся и воспитанников учреждений образования города Аксу на городском общественном транспорте (кроме такси) на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении права льготного проезда некоторым категориям обучающихся и воспитанников учреждений образования города Аксу на городском общественном транспорте (кроме такси) на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің кейбір санаттарына 2011 жылы қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру құқығын беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 284/33
- Қабылданған күні
- 25.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2014 58100_206528.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PB000172
- ЭКБ идентификаторы
- 58100
- Редакция идентификаторы
- 58100_206528
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:47
0 Ақсу қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің кейбір санаттарына 2011 жылы қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру құқығын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 2) тармақшасы және 47-бабының 4 тармағы 1) тармақшасы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ақсу қаласының жалпы білім беру мектептерінің, арнайы түзеу мектеп-интернатының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1 1) аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына;
2 2) көп балалы отбасыларының балаларына;
3 3) мүгедек балаларға;
4 4) қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронатта тұрған балаларға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру жеңілдігі, қосымшаға сәйкес, берілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
8 Ақсу қаласында қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру құқығы берілген балалардың тізімі
Ақсу қалалық мәслихатының
2011 жылғы 25 наурыздағы
(IV сайланған XXXIII сессия)
№ 284/33 шешіміне
қосымша
Ақсу қаласында қалалық қоғамдық көлікте
(таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру
құқығы берілген балалардың тізімі
N
Балалар санаттарының атауы
Черемушки, Беловка және Ақсу кенттеріне бару үшін жеңілдетілген (тегін) жол жүруді қажет ететін балалар саны
1
Аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары
25
2
Көп балалы отбасыларының балалары
2
3
Мүгедек балалар
1
4
Қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронатта тұрған балалар
3
5
Ақсу кентінің N 3 арнайы түзеу мектеп-интернатының тәрбиеленушілері
43
Барлығы
74