Об оказании единовременной материальной помощи многодетным матерям в 2011 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании единовременной материальной помощи многодетным матерям в 2011 году
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10732
- Қабылданған күні
- 18.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2012 AI58103_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VA000165
- ЭКБ идентификаторы
- 58103
- Редакция идентификаторы
- AI58103_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:51
0 2011 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 29/5 «2011-2013 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-155 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға біржолғы материалдық көмек 2011 жылы 10000 (он мың) теңге мөлшерінде келесі құжаттарды:
1 1) біржолғы материалдық көмек көрсету туралы өтінішті;
2 2) жеке басын растайтын құжатты;
3 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
4 4) Өскемен қаласында тіркелгенін растайтын құжатты;
5 5) көп балалы ана мәртебесін растайтын құжатты ұсынғанда жүргізілсін.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер түрінде «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылады, салыстыру құжаттарды ұсынған күні жүргізіледі, одан кейін түпнұсқалар бірден өтініш иесіне қайтарылады.
Өтінішті қарау және біржолғы материалдық көмек төлемі тіркелген сәттен күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.