Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2011 года в городе Уральске
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2011 года в городе Уральске
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласында 2011 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 05.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2011 58116_161477.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZA000203
- ЭКБ идентификаторы
- 58116
- Редакция идентификаторы
- 58116_161477
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:58
0 Орал қаласында 2011 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1
1. "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Орал қаласында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2 2. "Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Орал қаласының шақыру учаскелеріне тіркеу жұмысын ұйымдастыру үшін қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
4 4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
денсаулық сақтау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Ирменов Қамидолла Мұтиғоллаұлы
05.03.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі бастығының М.а.
_____________Мифтахов Виталий Сабирович
05.03.2011 ж.