Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Айыртауского района на 2011 год

Қаулы · № 84 · қабылданған 25.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58236/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Айыртауского района на 2011 год Күшін жойған Қаулы ·№ 84 ·25.03.2011
06.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Айыртауского района на 2011 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 84 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Айыртауского района на 2011 год
Атауы (қаз.)
2011 жылғы арналған Айыртау ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
84
Қабылданған күні
25.03.2011
Көрсетілген редакция
06.01.2012 58236_183720.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SC000133
ЭКБ идентификаторы
58236
Редакция идентификаторы
58236_183720
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:48

0 2011 жылғы арналған Айыртау ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек берілсін:

1 1) 400 (Төрт жүз) теңге көлемінде Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға монша және шаштараз орындарына бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек әр айдың 25-нен кешіктірмей;

2

2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктермен Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге әлеуметтік көмек, жылына бір рет тағайындалады, өтініш берген айдың 25-нен кешіктірмей, тіс протездеудің бағасы көлемінде шот-фактураға сәйкес беріледі (қымбат металлдар, металлокерамика, металлопластика протездерінен басқасы);

3

3) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 207 негізінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесіне 2008 жылдың 5 қыркүйегінде № 1685 енгізілген), 4 (төрт) айлық есеп көрсеткіші көлемінде Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек әр айдың 25-нен кешіктірмей;

4

4) емделу бағасы көлемінде жылына бір рет өтініш берген айдың 25-нен кешіктірмей бөлінген қаражат шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге: Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, басқа да санатты тұлғаларға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғаларға және барлық санаттағы мүгедектерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» аспамен марапатталған немесе ертеде «Батыр-ана» атағын алғандарға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбектері үшін зейнетақы тағайындалған І және ІІ дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған тұлғаларға, Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек даңқы ордендерінің иелеріне, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС зардаптарын жоюшылар қатарындағы тұлғаларға (өз бетімен кеткен), көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасына шеттету және қоныс аудару аймағынан көшірілгендерге;

5

5) аудан бюджетінен бөлінген қаражат шегінде жылына бір рет өтініш берген айдың 25-нен кешіктірмей Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне, "1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталғандарға, Ұлы Отан соғысында ерлері қаза болған әйелдерге, қайта тұрмыс құрмаған әйелдерге, бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған концлагерлердің тұтқындары болғандарға, блокадалы Ленинград тұрғындарына, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» аспамен марапатталған немесе ертеде «Батыр-ана» атағын алған, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған тұлғаларға экскурсиялық (әуетур) сапарлар.

2 2. Анықталсын:

1

1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға монша және шаштараз орындарына бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және өтініш иесінің қайтыс болуына немесе Айыртау ауданының аумағынан тыс кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем көрсетілген жағдайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

2

2) әлеуметтік төлемдер аудан бюджетінен «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес, екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы алушының дербес шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

3

3. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бағдарламасы бойынша аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылған қаражат шегінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша іс-шараларды қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін.

4 4. Әлеуметтік көмек 2011 жылға арналған аудан бюджетінен бөлінген қаражат шегінде беріледі.

5

5. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 180 «2010 жылға арналған Айыртау ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы» № 180 қаулысының күші жойылғандығы танылсын (тіркеу нөмірі 13-3-120, 2010 жылғы 16 шілдедегі «Айыртау таңы» № 29, 2010 жылғы 16 шілдедегі «Айыртауские зори» № 29 газеттерінде жарияланған).

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р.Тілеубаеваға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы