Құжат мәтініне өту

Об организации очередного призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 359 · қабылданған 24.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58305/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об организации очередного призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 359 ·24.03.2011
26.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации очередного призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 359 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации очередного призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
359
Қабылданған күні
24.03.2011
Көрсетілген редакция
26.03.2012 AI58305_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VE000125
ЭКБ идентификаторы
58305
Редакция идентификаторы
AI58305_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:49

0 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 19, 20, 21, 23 баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыз № 250 қаулысына сәйкес және 2011 жылы мерзімді әскери қызметке мерзімінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2 2. Шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

3 3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. Ауылдық округтер әкімдеріне:

1 1) шақырылғандарды комиссияға арнайы жабдықталған автобустарда ауылдық округтер әкімдерінің бірге алып жүруімен жеткізуді ұйымдастырсын;

2 2) шақырылғандарды тасымалдау кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін шара қабылдасын.

5 5. Аудандық медицина бірлестігі директоры Қ. Битеноваға (келiciм бойынша):

1 1) шақырылғандарды медициналық куәландыруды жүргізу үшін қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігер-мамандар мен орта медициналық персоналды бөлу;

2 2) қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандарды тексеру және емдеу үшін жіберілетін емдеу мекемелерінің тізбесін ұсыну, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін емдеу–алдын алу мекемелерінің стационарларында төсектер резервін қамтамасыз ету;

3 3) аудан ауруханасында қажетті талдауларды зерттеу жүргізуді ұйымдастыру ұсынылсын.

6 6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Т. Тлеубердинге (келiciм бойынша):

1 1) шақырылғандарды мерзімді әскери қызметті өткеру үшін жіберу кезеңінде шақыру учаскесінде кезекшілік ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу;

2 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырудан жалтарып жүрген азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің хабарламасы бойынша іздестіруді және келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

7 7. Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі 005 «Жалпыға бірдей міндеттілігін орындау шеңберіндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде, бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаржыларынан белгіленген шығыстар бойынша бюджетті мерзімінде атқаруды жүргізсін.

8

8. Аудан әкімдігінің 22 сәуір 2010 жылғы № 208 санды Абай ауданында «Абай ауданында 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-5-109 номерімен 2010 жылдың 21 мамырында тіркелген, «Абай елі» газетінде 2010 жылдың 20-31 мамырында 14 (095) номерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. А. Лдибаевқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

18 Шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 359 қаулысының 1 қосымшасы
Шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Нұржауов Бауыржан Кәкімжанұлы
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, төрағасы (келісім бойынша)
Лдибаев Ерлан Арнаұлы
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Шақыру комиссиясының мүшелер:
Қуанышбаева Ләззәт Ғалымқызы
Аудандық медициналық бірлестігінің жасөспірімдер-дәрігер, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Дулатов Нұрлан Егізханұлы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, (келісім бойынша)
Саятбекқызы Индира
Аудандық медициналық бірлестігінің медициналық бикесі, хатшы (келісім бойынша)
Аудан әкімі аппараты басшысы
А. Абилов

19 Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 359 қаулысының
2 қосымшасы
Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі
2011 жыл­дың сәу­ір-мау­сы­мын­да
2011 жыл­дың қа­зан-жел­тоқ­са­нын­да
№ р/с
Ауыл­дық
округ
тер­дің ата­уы
Ша­қы­рыл
ған­дар са­ны
04.
04.
11.
05.
04.
11.
06.
04.
11.
07.
04.
11.
08.
04.
11.
Ша­қы­рыл
ған­дар
са­ны
03.
10.
11.
04.
10.
11.
05.
10.
11.
06.
10.
11.
07.
10.
11.
10.
10.
11.
11.
10.
11.
12.
10.
11.
13.
10.
11.
1
Қа­ра­уыл
43
43
140
40
50
50
К
Е
Л
М
Е
Г
Е
Н
Д
Е
Р
2
Ар­хат
6
6
35
35
3
Құн­ды­зды
17
17
40
15
25
4
Көк­бай
17
17
35
30
5
5
Ме­деу
3
3
20
20
6
Кең­гір­бай-би
7
7
30
10
10
10
7
Қас­қа­бұ­лақ
19
19
35
35
8
Тоқ­та­мыс
5
5
25
25
9
Саржал
14
14
40
40
10
Жиы­ны
131
26
24
19
19
43
400
50
50
50
50
50
50
50
50
Аудан әкімі аппараты басшысы
А. Абилов

Қолданыстағы