Құжат мәтініне өту

О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района на 2011 год

Өзге акт · № 30-2 · қабылданған 29.03.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58311/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района на 2011 год Қолданыста Өзге акт ·№ 30-2 ·29.03.2011
17.02.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района на 2011 год

Қолданыста Өзге акт ·№ 30-2 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района на 2011 год
Атауы (қаз.)
2011 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемағы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30-2
Қабылданған күні
29.03.2011
Көрсетілген редакция
17.02.2016 AI58311_4.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SD000118
ЭКБ идентификаторы
58311
Редакция идентификаторы
AI58311_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:45

0 2011 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемағы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 3-тармағына 4) тармақшасына және 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2-тармағына сәйкес, Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. 2011 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Ақжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына:

1 1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) өтініш түскен кезеңнен тұрғын үй алу үшін мамандардың өтінген сомасында бюджеттік кредит сомасы бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдауды.

2

2. «Ақжар аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бекітілген Ережелеріне сәйкес (одан әрі Ережелер) әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміттенетін мамандардың құжаттарын қабылдауын және тіркеуін жүзеге асырсын, ұсынылған құжаттардың растығын тексерсін, қаржылық қаражаттың қажеттігін есеп айырысуын жасасын, Ақжар ауданы әкімдігінің жанындағы тұрақты-әрекеттегі комиссиясына қарауына құжаттарды жолдасын және осы шешімнің іске асыру бойынша шаралар қолдансын.

3 3. Ақжар ауданы әкімдігінің жанындағы тұрақты-әрекеттегі комиссиясы бекітілген Ережелерге сәйкес ұсынылған құжаттарды қарасын және аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы ұсыныс жасасын.

4

4. «2010 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» 2010 жылғы 5 тамыздағы № 25-3 (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркелімінде 2010 жылғы 31 тамызында № 13-4-109 Тізілімінде тіркелген және 2010 жылғы 4 қыркүйекте «Дала дидары» мен «Ақжар-хабар» газетінің № 37 санында жарияланған) аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылсын.

5 5. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН: 2011 жылғы 29 наурыз
«Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімі және ветеринария» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А.Киманов
«Ақжар аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Р.Жүнісова

Қолданыстағы