Құжат мәтініне өту

О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на 2011 год

Қаулы · № 107/2 · қабылданған 16.03.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58341/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на 2011 год Қолданыста Қаулы ·№ 107/2 ·16.03.2011
27.09.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на 2011 год

Қолданыста Қаулы ·№ 107/2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций на 2011 год
Атауы (қаз.)
2011 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын үлестіру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107/2
Қабылданған күні
16.03.2011
Көрсетілген редакция
27.09.2013 58341_202633.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PM000124
ЭКБ идентификаторы
58341
Редакция идентификаторы
58341_202633
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:52

0 2011 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын үлестіру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының үлесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген жұмыс берушілер (келісім бойынша):

бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін белгіленген үлестіруге сәйкес қажетті жұмыс орындарының санын құрастырады;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс орындарына орналастырады;
кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес босаған жұмыс орындары туралы жұмыспен қамту жөнінде өкілетті органға бос орын пайда болған күннен үш күн мерзімінде ақпарат береді;
ай сайын жұмыс берушілер жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарға үлес бойынша бөлінген жұмыс орындарын толтыру туралы ақпарат береді.

3

3. Еңбекақы жағдайлары, еңбек нормалары, демалыс және жұмыс уақытының тәртібі, мамандықтардың (лауазымдардың) қатар қолдануын тәртібі, қызмет көрсету аймақтарын арттыру, уақытша болмаған қызметкердің талаптарын орындау, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі, техникалық, тұрмыстық-өндірістік жағдайлары, сонымен бірге басқа да еңбек жағдайлары тараптардың жұмыс берушімен және жұмыскермен бекітілген еңбек шартында келісім бойынша ескертілуі тиіс.

4 4. Үлестірілген орынға жұмысқа орналастырылған жұмыскердің еңбекақысына сәйкес қаржылық жылға белгіленген ең төмен еңбекақыдан кем болмауы тиіс.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.

7 2011 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды және интернаттық мекемелердің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құратын ұйымдардың ТІЗБЕСІ

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ 107/2 қаулысына
қосымша
2011 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан
тұлғаларды және интернаттық мекемелердің кәмелет жасқа
толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарын құратын ұйымдардың ТІЗБЕСІ
N
Ауылдық округ атауы
Кәсіпорын, ұйым, мекеме
Жұмыскерлер саны
Іске қосу мерзімі
2011 жылы
бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалар
интернаттық мекемелердің кәмелетке жасқа толмаған түлектері
1
Шалдай ауылдық округі
"Ертіс орманы" Мемлекеттік табиғи орман резерваты мемлекеттік мекемесінің келісім бойынша
1
1
Жыл бойы
2
Шарбақты ауылы
"Шығыс жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім бойынша
-
1
Жыл бойы
3
Орловка ауылы
"Победа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім бойынша
1
-
Жыл бойы
Барлығы:
3 кәсіпорын
2 жұмыс орны
2 жұмыс орны

Қолданыстағы