Құжат мәтініне өту

Об организации льготного проезда на общественном пассажирском транспорте по маршруту "Город - дачи" для отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2011 год

Қаулы · № 217/3 · қабылданған 29.03.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58343/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации льготного проезда на общественном пассажирском транспорте по маршруту "Город - дачи" для отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2011 год Қолданыста Қаулы ·№ 217/3 ·29.03.2011
29.01.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации льготного проезда на общественном пассажирском транспорте по маршруту "Город - дачи" для отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2011 год

Қолданыста Қаулы ·№ 217/3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации льготного проезда на общественном пассажирском транспорте по маршруту "Город - дачи" для отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2011 год
Атауы (қаз.)
2011 жылы Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттары үшін "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
217/3
Қабылданған күні
29.03.2011
Көрсетілген редакция
29.01.2013 58343_208763.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PC000295
ЭКБ идентификаторы
58343
Редакция идентификаторы
58343_208763
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:44

0 2011 жылы Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттары үшін "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының (ІV шақырылған кезекті ХХVІІ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 309/27 шешімі негізінде және қала азаматтарының жекеленген санаттарына "Қала - саяжай" қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тегін жүру құқына мына санаттағы азаматтар ие болатыны белгіленсін:

1 1) жасына байланысты зейнеткерлер;

2 2) 3-топтағы мүгедектер.

2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар тегін жол жүру құқығын растау үшін кондукторға (бақылаушыға) міндетті түрде зейнеткерлік куәлігін ұсынуы қажет.

3

3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі", "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелері қоғамдық жолаушылар көлігімен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және "Қала - саяжай" бағыты бойынша тасымалдауды жүзеге асыру конкурсында жеңіп шыққан кәсіпорынмен бірлесіп (бұдан әрі- Кәсіпорын) (келісім бойынша) жолаушылар бағытындағы жекеленген санаттағы азаматтардың жолаушылар ағынына айына бір рет мониторинг жүргізсін.

4 4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1 1) жекеленген санаттағы азаматтарды "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсету туралы Кәсіпорынмен келісімшарт жасасын;

2 2) Кәсіпорынға тегін жол жүру шығынын өтеуді осы мониторинг негізінде Кәсіпорынның есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүргізсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарлары Н.В. Дычкоға, Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.

Қолданыстағы