Құжат мәтініне өту

О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную военную службу в 2011 году

Қаулы · № 352 · қабылданған 13.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58344/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную военную службу в 2011 году Күшін жойған Қаулы ·№ 352 ·13.04.2011
12.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную военную службу в 2011 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 352 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную военную службу в 2011 году
Атауы (қаз.)
2011 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
352
Қабылданған күні
13.04.2011
Көрсетілген редакция
12.03.2012 AI58344_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VM000089
ЭКБ идентификаторы
58344
Редакция идентификаторы
AI58344_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:34

0 2011 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтар, 2011 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. «Катонқарағай ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Рахымжанов Ғабиден Пазылжанұлына (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;

2 2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде әскери қызметке шақырылатындардың денсаулығын және стационарлық тексерілуін өткізу үшін бос орындар ұстау;

3 3) Шақырушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуін және емделуін бақылауға алу.

3 3. Ауылдық округ әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Болғамбаева Гүлнәз Қайырбекқызы 2011 жылдың 1 сәуіріндегі ұсынылған тапсырысқа сәйкес қажетті жұмысшыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қоғамдық жұмысқа жолдасын.

5 5. «Катонқарағай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ішкібаев Марат Салтабекұлына (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды iздеу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткiзу;

2 2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде және әскери қызметке жіберуде шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету.

6 6. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы «2011 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» № 302 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Байғонусовқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Келісілді:
«Катонқарағай ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А.Д. Қаңтарбаев
2011 жылғы 13 сәуір
«Катонқарағай ауданының
ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М.С. Ішкібаев
2011 жылғы 13 сәуір
«Катонқарағай ауданының № 1
медициналық бірлестігі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры
Ғ.П. Рахымжанов
2011 жылғы 12 сәуір

Қолданыстағы