Құжат мәтініне өту

Об определении мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта на 2011 год по Каргалинскому району

Өзге акт · № 276 · қабылданған 28.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58352/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта на 2011 год по Каргалинскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 276 ·28.03.2011
19.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта на 2011 год по Каргалинскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 276 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мер социальной поддержки специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта на 2011 год по Каргалинскому району
Атауы (қаз.)
Қарғалы ауданы бойынша 2011 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
276
Қабылданған күні
28.03.2011
Көрсетілген редакция
19.03.2012 AI58352_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11CF000120
ЭКБ идентификаторы
58352
Редакция идентификаторы
AI58352_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:47

0 Қарғалы ауданы бойынша 2011 жылға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:

1 1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың  бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.

2 2. Әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруына «Қарғалы аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не жүктелсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі Қарғалы аудандық мәслихатының «Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Аудандық мәслихат                   Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы                       хатшысы
Л.Ильчевская                        Ж.Құлманов

Қолданыстағы