Об очередном призыве на срочную воинскую службу в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об очередном призыве на срочную воинскую службу в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 08.04.2011
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2013 AI58359_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11GE000123
- ЭКБ идентификаторы
- 58359
- Редакция идентификаторы
- AI58359_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:36
0 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Джанабердиев Бауржан Советұлы
-
«Жамбыл облысы Қордай ауданының Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Шынгожаева Алина Александровна
-
«Қордай ауданының Әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлық және мемлекеттік - құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Шынғожа Қуат Төребекұлы
-
«Жамбыл облысы ішкі істер
2
департаментінің Қордай аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);
Озиев Джапар Уршанович
-
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының хирургия бөлімінің меңгерушісі, дәрігерлік комиссияның мүшесі (келісімі бойынша);
Илимбаева Гульнара Тастибайқызы
-
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы(келісімі бойынша).
3 3. «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Қордай аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланғанан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Үйсімбаевқа жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Жамбыл облысы Қордай ауданының
Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.С.Джанабердиев
2011 жылғы 8 сәуір
«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Қордай аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М.У.Қырғызбаев
2011 жылғы 8 сәуір
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық
ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері
Э.Ф.Заманов
2011 жылғы 8 сәуір