Құжат мәтініне өту

О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года на территории города Курчатова

Қаулы · № 627 · қабылданған 31.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58379/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года на территории города Курчатова Күшін жойған Қаулы ·№ 627 ·31.03.2011
30.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года на территории города Курчатова

Күшін жойған Қаулы ·№ 627 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года на территории города Курчатова
Атауы (қаз.)
Курчатов қаласының аумағында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
627
Қабылданған күні
31.03.2011
Көрсетілген редакция
30.03.2012 AI58379_4.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VC000104
ЭКБ идентификаторы
58379
Редакция идентификаторы
AI58379_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:42

0 Курчатов қаласының аумағында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды

өткізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшелерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшелерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азамматарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, 2011 жылдың көктемі мен күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақтылы және сапалы түрде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2 2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шақыру комиссия құрылсын.

3

3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.

4 4. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (Н. А. Рахимов, келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;

2 2) дәрігер-мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;

3 3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу.

5 5. «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (А. Д. Сұлтанов, келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) шақырушылардың талдауларының зертханалық, кеуде органдарының флюроографиялық зерттелуін ұйымдастыру;

2 2) шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесін қажетті орындар санымен қамтамасыз ету;

3 3) шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін қаланың қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлер мен орта медицина персоналдарының қажет санын бөлу;

4 4) шақырушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылауға алу.

6 6. Курчатов қалалық полиция бөлімінің бастығына (Е. Ж. Тюлежанов, келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) шақырылушыларды әскерге аттандыру және қалалық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

2 2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ескеруімен мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартып жүрген азаматтарды іздестіру мен оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу.

7 7. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру ұсынылсын.

8 8. Курчатов қаласының қаржы бөлімі (Уағызов А.У.) қаланың 2011 жылға арналған бюджетімен белгіленген қаражаттар шегінде шақыруды қаржыландырсын.

9

9. «Курчатов қаласының аумағында 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» Курчатов қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 330 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 11 мамырдағы 5-3-90 нөмірімен тіркелген, «7 дней» газетінде 2010 жылдың 20 мамырдағы 20(770) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

10 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.

11 11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Курчатов қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
Н. РАХИМОВ
Курчатов қаласының полиция
бөлімінің бастығы
Ж. ТЮЛЕЖАНОВ
«Курчатов қаласының қалалық
ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын бас дәрігері
А. СҰЛТАНОВ

21 Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін шақыру комиссиясының құрамы

Курчатов қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 627 қаулысына 1-қосымша
Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы
жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар,
сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа
толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген
мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру
үшін шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы:
Рахимов Наиль Амирұлы – Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Төрағаның орынбасары:
Старенкова Елена Васильевна – Курчатов қаласының әкім орынбасары
Комиссия мүшелері:
Тәшімбетов Жүсіп Мейірбекұлы – Курчатов қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Байзақова Гүлнар Серікқызы – «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәрігер – терапевті (келісім бойынша)
Комиссия хатшысы:
Маралова Қарлығаш Амангелдіқызы – «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі (келісім бойынша)

22 Шақыруды кейінге қалдыруға немесе швқырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырмы жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі

Курчатов қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 627 қаулысына 2-қосымша
Шақыруды кейінге қалдыруға немесе швқырудан босатылуға құқығы
жоқ он сегізден жиырмы жеті жасқа дейінгі ер азаматтар,
сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа
толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген
мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру
кестесі
№ р/с
Жасөспірімдер санаты
Барлығы
Жасөспірімдердің саны
Көктем
(сәуір-маусым)
Күз
(қазан-желтоқсан)
1
Жұмыс істейтіндер
110
60
50
2
Жұмыс істемейтіндер
70
40
30
3
Барлығы:
180
100
80

Қолданыстағы