Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре месяцах 2011 года

Қаулы · № 41 · қабылданған 25.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58406/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об очередном призыве на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре месяцах 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 41 ·25.03.2011
16.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре месяцах 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 41 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре месяцах 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41
Қабылданған күні
25.03.2011
Көрсетілген редакция
16.10.2012 58406_204758.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11CL000131
ЭКБ идентификаторы
58406
Редакция идентификаторы
58406_204758
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:48

0 2011 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі 18, 19, 20, 21, 23, 44 баптарының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, шақыру кезеңінде 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2011 жылғы 1 сәуірден 25 маусымға және 1 қазаннан 25 желтоқсанға дейінгі кезенде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2 2. Шақыруға арналған аудандық комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін (қоса беріледі).

3

3. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Хромтау орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас дәрігеріне (Қозбағаров Қ.- келісім бойынша), «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына:

1 1) 2011 жылдың 1 сәуірінен 30 сәуірге дейін және 1 қазаннан 31 қазанға дейін шақырушыларды медициналық куәландыру жүргізу үшің маман дәрігерлерді, медбикелерді 2-қосымшаға сәйкес бөлінсін (қоса беріледі).

2 2) 2011 жылғы 1 сәуірге және 1 қазанға дейінгі мерзімде «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне диспансерлік есепте тұрған азаматтардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын (Ф.0,25 у) жеткізілсін.

3 3) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан шақырушылар туралы мәлімет үш күннің ішінде «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлансын.

4 4. «Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Хромтау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Өсербаев М.- келісім бойынша):

1 1) шақыру кезінде шақыру қосынында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция наряды бөлінсін;

2 2) әскери міндеттілік және әскери қызметтен бас тартушы адамдарды іздестіру және шақыру учаскесіне жеткізу жүргізілсін;

3 3) жеті күндік мерзім ішінде «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарлансын.

5 5. Мемлекеттік орган және меншік түріне қарамастан ұйым басшылары әскерге шақырушыларды іссапардан, еңбек демалысынан шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру қосынына дер кезінде келуін қамтамасыз етуге тиіс.

6 6. Селолық огругтер әкімдері, «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша оларға шақыру қосынына шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

7 7. «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Сержанов А.) тіркеу комисиясының жұмысына қажетті мөлшерде техникалық жұмысшыларды бөлуді 3-ші қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін (қоса беріледі).

8 8. «Аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Нұрманова К.), іс шараларды өткізу үшін қарастырылған қаржыны бөлу мерзімінде жүзеге асырылсын.

9 9. «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Құмаров А.), аудан әкіміне 2011 жылдың 25 маусымында және 2011 жылдың 25 желтоқсанында шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берілсін.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Елдесовке жүктелсін.

Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

17 Шақыру  комиссиясының резервтегі құрамы:

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 41 қаулысына 1- қосымша
Шақыру комиссиясының  құрамы:
Хромтау ауданының қорғаныс
істер жөніндегі бөлім бастығы
А. Құмаров
Аудан әкімінің орынбасары С. Ельдесов
Аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары Н. Сәрсенғалиев
«Аудандық орталық аурухана»
МК ҚК терапевт - дәрігері С. Ешимкулова
Комиссия хатшысы: Ш. Бралина
Шақыру  комиссиясының резервтегі құрамы:
Келісім-шарт және шақырылу бойынша
қызметке шақыру бөлімшесінің
бастығы А. Аймұханов
Аудан әкімі аппаратының
әскери жұмылдыру жұмыстары,
АҚ және ТЖ жөніндегі бас маманы Р. Кагиров
Аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары Ж. Базарбаев
«Аудандық орталық аурухана»
МК ҚК терапевт - дәрігері А. Диханбаева
Комиссия хатшысы: Л. Наурызалиева

18 Аудан әкімдігінің

2011 жылғы  25 наурыздағы
№ 41 қаулысына 2-қосымша
Шақыру комиссиясының жұмысына қатысатын маман дәрігерлердің ҚҰРАМЫ
Отолоринголог Әліпов С. А.
Стоматолог Кенжебаева А.
Хирург Жанбурин Ж. И.
Терапевт Ешимкулова С. Ш
Рентгенолог Дускеева З. А.
Кардиолог Волненко Л. С.
Рентген-лаборант Шалова Г.
Лаборант Абенова К. К.
Лаборант Ибраева С.
Мед. бике Наурызалиева Л.
Мед. бике Стебнева С.
Мед. бике Аппакова Г. К.
Мед. бике Курманова Н.
Хатшы Бралина Ш.

19 Аудан әкімдігінің

2011 жылдағы 25 наурыздағы
№ 41 қаулысына 3-қосымша
Тіркеу комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы бөлінетін техниқалық жұмысшылардың құрамы.
Р/с
Техникалық қызметкерлер саны
Қойылатын талаптар
Қай мерзімде бөлінеді
Көктем 2011
7
Орта білімді, жазуы анық әйел адам
25.03.2011 жылдан 25.06.2011 ж. дейін
1
Жасы 25 – тен кіші емес әскери қызметін атқарған адам
25.03.2011 жылдан 25.06.2011 ж. дейін
Күз 2011
8
Орта білімді, жазуы анық әйел адам
25.09.2011 жылдан 25.12.2011 ж. дейін
2
Жасы 25-тен кіші емес әскери қызмет атқарған адам
25.09.2011 жылдан 25.12.2011 ж. дейін

Қолданыстағы