Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормативов субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормативов субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 20.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2015 AI58421_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11S0001776
- ЭКБ идентификаторы
- 58421
- Редакция идентификаторы
- AI58421_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:32
0 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау ережесінің 6-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Белгіленсін:
1-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
2-қосымшаға сәйкес көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сапаровқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
20 cәуірдегі № 114 қаулысына
1-қосымша
2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
№ р/н
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар:
1
Жаздық бидай
2
Күздік бидай
3
Күздік қарабидай
4
Қарақұмық
5
Тары
6
Арпа
7
Сұлы
8
Дәнді бұршақты дақылдар
9
Майлы дақылдар
10
Картоп
11
Көкөніс және бақша өнімдері
12
Жабық топырақтағы көкөністер
Жем-шөптік дақылдар:
13
Бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
14
Бірінші жылғы егілген басқа да көпжылдық шөптер
15
Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс
16
Біржылдық шөптер
5 Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
20 cәуірдегі № 114 қаулысына
2-қосымша
2011 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері
№ р/н
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 гектарға арналған субсидиялар нормасы, теңге
1
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар (базалық субсидиялар нормасы)
550
2
Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар
750
3
Майлы дақылдар
3 400
4
Картоп
12 000
5
Көкөніс және бақша өнімдері
12 000
6
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністер мен бақша өнімдері
24 000
Жемшөптік дақылдар
7
Бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
800
8
Бірінші жылғы егілген басқа да көпжылдық шөптер
800
9
Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс
800
10
Жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымына)
300 000
11
Біржылдық шөптер
800