Құжат мәтініне өту

О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 919 · қабылданған 25.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58425/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 919 ·25.03.2011
29.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 919 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
919
Қабылданған күні
25.03.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2011 AI58425_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VH000132
ЭКБ идентификаторы
58425
Редакция идентификаторы
AI58425_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:48

0 Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19, 20, 21, 23-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ, оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2 2. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С.Д. Сатыбалдиевқа (келісім бойынша) ұсынылсын:

1

1) кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ, оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында алдын-ала дәрігерлік тексеруден өткізу.

2 2) оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтан өтпегендердің санынан, кезекті шақыруға жататындардан шақырылушылар топтары жасақталып, оқыту пунктіне тапсыру.

3

3. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңымен анықталған шақыруды өткізу мерзімінен және шақырылушылар саны есебінен мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу және ұйымдастыру үшін, 1 қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.

4 4. 2 қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.

5 5. Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры (бұдан әрі - Бородулиха ауданының МБ КМҚК) У.М. Эфендиевке (келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) шақыру кезеңінде медициналық комиссияны өткізу үшін Жезкент, Новошульба учаскелік ауруханаларының үй-жайларын бөлу, шақырылушылардан анализ қабылдау, тұрғылықты мекенжайы бойынша шақыру комиссиясының жіберілуімен әскерге шақырылушыларды емдеуді ұйымдастыру;

2 2) шақыру кезеңіне шақырылушыларды медициналық куәландыру үшін медициналық қызметкерлер құрамын бөлу, шақыру медициналық комиссиясымен кесте бойынша Бородулиха ауданының МБ КМҚК қайта қаралуға жіберілген шақырылушылардың тексерілуін қамтамасыз ету.

6

6. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитеті Департаментінің Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы бойынша басқармасының бастығы Ғ.Қ.Сүлейменовқа келісім бойынша, шақырылушылардан бруцеллезге, ЖИТС-ға қан анализін тапсыруды өткізу ұсынылсын.

7 7. Ведомстволық бағыныштылығына және меншік нысанына қарамастан ұйым, кәсіпорын, мекеме және оқу орындарының басшыларына келісім бойынша, шақырылушылардың шақыру комиссиясына келуі мен хабарландырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

8 8. Кенттік және ауылдық округтердің әкімдеріне:

1 1) олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандықтары туралы шақырылушыларды хабардар ету және қорғаныс істері жөніндегі бөліммен белгіленген күндері шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін;

2 2) бекітілген кесте бойынша шақырылушыларды жеткізсін және жіберсін.

9 9. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Д.Б.Ыбраевқа (келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бұрын сотталған, жазасын өтеп келген, тергеудегі шақырылушылар туралы ақпарат беру;

2 2) шақыру және жіберу кезінде шақыру пунктіне жасақ бөлу, тәртіп сақтауды қамтамасыз ету;

3 3)әскери міндеттіліктен жалтарған тұлғалардың іздестіруін жүргізу.

10

10. Қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы (Т.К. Құсманова) 3 қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған аудан бюджетімен анықталып бөлінген қаржы шегінде келісімшарт жасау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөліммен ұсынылған өтінім негізінде шақыру, медициналық комиссияның жұмысын, техникалық қызметкерлерге және қызмет көрсететін персоналға еңбекақыны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

11 11. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 656 қаулы;

2 2) «Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 656 «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2010 жылғы 17 мамырдағы № 692 қаулы.

12 12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.А.Атаеваға жүктелсін.

13 13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Бородулиха ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
С. Сатыбалдиев
Бородулиха ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы
Д. Ыбраев
Бородулиха ауданының медициналық
бірлестігі коммуналдық мемлекеттік
Қазыналық кәсіпорынының директоры
У. Эфендиев
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау министрлігінің мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау
комитеті департаментінің ШҚО
Бородулиха ауданы бойынша
басқармасының бастығы
Ғ. Сүлейменов

25 Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы

Бородулиха ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 919 қаулысына
1 қосымша
Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011
жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді
әскери қызметке шақыру комиссиясының
құрамы
Шақыру комиссиясының төрағасы:
Сатбек Жақыпұлы Сатыбалдиев – Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы;
Шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары:
Рыскүл Абузарқызы Атаева – аудан әкімінің орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Жанарбек Елубайұлы Қошанаев – Бородулиха аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Севиндж Умудовна Попп – Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының емдік жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары, шақыру комиссиясының бас дәрігері;
Шақыру комиссияның хатшысы:
Юлия Абыталыбовна Талыбова - Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мейірбикесі.
Аппарат басшысы
С. Лазурин

26 Бородулиха ауданының кенттік және ауылдық округтері бойынша он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының жұмыс КЕСТЕСІ

Бородулиха ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 919 қаулысына
2 қосымша
Бородулиха ауданының кенттік және ауылдық округтері бойынша
он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011
жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді
әскери қызметке шақыру комиссиясының жұмыс
КЕСТЕСІ
р №
Кенттік және ауылдық округтердің атаулары
Барлығы
01.04.
2011 ж
04.04.
2011 ж
05.04.
2011 ж
06.04.
2011 ж
07.04.
2011 ж
08.04.
2011 ж
1
Бородулиха
35
35
2
Бақы
10
10
3
Дмитриевка
15
15
4
Новодворовка
15
15
5
Переменовка
25
25
6
Степной
7
7
7
Подборный
10
10
8
Белағаш
20
20
9
Жезкент
45
45
10
Новопокровка
20
20
11
Петропавловка
15
15
12
Зубаир
8
8
13
Андреевка
10
10
14
Уба–Форпост
3
3
15
Новошульба
30
30
16
Красный Яр
10
10
17
Жерновка
10
10
18
Ленин
5
5
19
Таврия
7
7
Барлығы
300
50
50
50
50
50
50
Аппарат басшысы
С. Лазурин

27 Тіркелушіге–шақырылушыларға қызмет көрсетуге қажетті техникалық қызметкерлердің есебі

Бородулиха ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 919 қаулысына
3 қосымша
Тіркелушіге–шақырылушыларға қызмет көрсетуге қажетті
техникалық қызметкерлердің есебі
Күніне қызмет көрсетілген тіркелушілердің–шақырылушылардың саны – 50 адам.
1 тіркелушіге–шақырылушыларға жұмсалатын уақыт – 30 минут.
20,58 күндеріндегі жұмыс уақытының орташа айлық теңгерімі, 1 техникалық қызметкерге дөңгелектегенде айына 21.
Жұмыс уақыты сағатының теңгерімі 1 техникалық қызметкерге айына 168 сағат.
Ла­у­а­зы­мы
Тех­ни
ка­лық
қыз­мет
кер­лер
дің
са­ны
1 күн­де
қыз­мет
көр­се­ті
ле­тін
тір­ке­лу­ші -
ша­қы­ры­лу
шы­лар­дың
са­ны
1 тір­ке
лу­ші­ге-
ша­қы­ры
лу­шы­ға
қыз­мет
көр­се­ту­ге
жұм­са­ла­тын
уа­қыт
(ми­нут)
1 күн­де
тір­ке­лу­ші­ге - ша­қы­ры­лу­шы­ға
қыз­мет
көр­се­ту­ге жұм­са­ла­тын уа­қыт ми­нут бой­ын­ша
1 күн­де
тір­ке­лу­ші­ге -
ша­қы­ры­лу­шы­ға
қыз­мет
көр­се­ту­ге
жұм­са­ла­тын
уа­қыт са­ғат бой­ын­ша
1 ай­да
қыз­мет көр­се­ті­ле­тін
тір­ке­лу
ші­лер­дің –
ша­қы­ры­лу
шы­лар­дың са­ны (жұ­мыс уа­қы­ты­ның
ор­та­ша тең­ге­рі­мі 21 күн)
1 ай­да
тір­ке­лу­ші­ге -
ша­қы­ры­лу­шы­ға
қыз­мет көр­се­ту­ге
жұм­са­ла­тын
уа­қыт са­ғат бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
8
Тех.
қыз­мет­кер­лер
1
16
30
480
8
336
168
Тех.
қыз­мет­кер­лер
1
17
30
510
8,5
357
178,5
Тех.
қыз­мет­кер­лер
1
17
30
510
8,5
357
178,5
Бар­лы­ғы
3
50
30
1500
25
1050
525
Аппарат басшысы
С. Лазурин

Қолданыстағы