Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 132
- Қабылданған күні
- 13.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2012 AI58505_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VG000095
- ЭКБ идентификаторы
- 58505
- Редакция идентификаторы
- AI58505_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:34
0 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19, 23-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру мақсатында, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурызындағы № 250 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтемеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2 2. Ауылдық округтердің әкімдері шақыру учаскесіне азаматтардың Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының бұйрығында көрсетілген мерзімде немесе дербес шақыру қағазында көрсетілген учаскелік инспектордың жетекшілік етуімен ұйымдасқан түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Бесқарағай аудандық «Медициналық бірлестігі» КМҚК директорына (Б.Г. Сон келісім бойынша):
1 1) медициналық әскерге шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жасақтау;
2 2) медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың сапалы тексерілуін, әскерге шақырылушылардың кезектен тыс өтуін, емделуін, тексерілуін бақылауға алу;
3 3) әскерге шақырылушыларды аттандыру күні оларды бақылау тексеруінен өткізу үшін кезекші дәрігер тағайындау ұсынылсын.
4 4. Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығына (Р.С. Ахметов келісім бойынша):
1 1) әскери қызметтен бас тартқан азаматтарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізілуі;
2 2) азаматтарды әскерге шақыру мен әскерге аттандыру кезеңінде шақыру пунктінде тәртіп сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5 5. Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы (К.Б.Нургазин) әскерге шақырылатын жастарды әскерге шақырту барысында тәрбиелік іс-шаралардың өткізілуін, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастырсын.
6 6. Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы (Б.Ж. Баталов) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жіберілетін әскерге шақырылушылардың дене жаттығуы дайындықтарын тексеру ұйымдастырсын.
7 7. Бесқарағай ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімінің бастығы (М.Ж. Скакова) 2011 жылдың аудандық бюджетінде белгіленген мөлшерде қаржыландыруды уақытында өткізсін.
8 8. «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 95 қаулысының күші жойылсын.
9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.К. Мирашевқа жүктелсін.
10 10. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
Бесқарағай аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
С. Айтказин
Бесқарағай аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Р. Ахметов
Бесқарағай аудандық «Медициналық
бірлестігі» КМҚК директорының м.а.
А. Шортамбаев