О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-31/4
- Қабылданған күні
- 11.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2012 58519_195621.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BL000147
- ЭКБ идентификаторы
- 58519
- Редакция идентификаторы
- 58519_195621
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:35
0 2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жарқайың ауданы әкімінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 01/121 хатын қарап, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі 2011 жылға арналған әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2 2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов
Жарқайың ауданының
«Экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Ахметова