Құжат мәтініне өту

О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района в 2011 году

Өзге акт · № 34/297 · қабылданған 29.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58533/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района в 2011 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 34/297 ·29.03.2011
10.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района в 2011 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 34/297 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района в 2011 году
Атауы (қаз.)
2011 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34/297
Қабылданған күні
29.03.2011
Көрсетілген редакция
10.10.2011 AI58533_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11KL000106
ЭКБ идентификаторы
58533
Редакция идентификаторы
AI58533_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:45

0 2011 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2011 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомада көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.

2

2. Жаңаарқа аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 24 ақпандағы XXII сессиясының "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" N 22/195 шешімінің (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актінің тіркелген нөмірі N 8-12-69, "Жаңаарқа" газетінің 2010 жылғы 10 сәуірдегі N 23-24 (9380) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2011.10.10 N 39/344 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5 5. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы
З. Сердалинов
2011 жылғы 29 наурыз

Қолданыстағы