Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 29.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2012 AI58591_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NH000174
- ЭКБ идентификаторы
- 58591
- Редакция идентификаторы
- AI58591_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:45
0 Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыру немесе босатылу құқықтарынан айырылған, жасы он сегізден жиырма жетіге дейінгі еркек жынысы азаматтарды, сондай-ақ жиырма жетіге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтемеген, оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын
үйымдастырсын.
3 3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Денисов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
1 1) әскери қызметіне шақырудан жалтарып жүрген тұлғалардың жеткізуін қамтамасыз ету;
2 2) аудандық шақыру учаскесінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтауға қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының Ішкі істер департаменті
Денисов ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ А. Неғымеджанов
Қостанай облысы әкімдігінің
Денсаулық сақтау басқармасы
"Денисов орталық аудандық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері
_____________ М. Баймұрзин
"Қостанай облысы Денисов
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ В. Слободюк