Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве на срочную воинскую службу в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 90 · қабылданған 28.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58613/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об очередном призыве на срочную воинскую службу в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 90 ·28.03.2011
19.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве на срочную воинскую службу в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 90 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве на срочную воинскую службу в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
90
Қабылданған күні
28.03.2011
Қолданысқа енгізілген күні
13.05.2011
Көрсетілген редакция
19.11.2015 58613_254554.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11GG000068
ЭКБ идентификаторы
58613
Редакция идентификаторы
58613_254554
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:46

0 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Даминов Ғалмат Турдахметұлы
-
«Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Сабыров Мұхаметқұл
-
«Мойынқұм ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Орынбеков Жанайдар Егембердіұлы
-
«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары полиция подполковнигі(келісімі бойынша);
Иманқұлов Суан Қорабайұлы
-
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының оташы дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша);
Козова Жанна Нығманқызы
-
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)

3 3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланғанан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Есеевке жүктелсін.

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
Г.Кемелқұлова
28.03.2011 жыл
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Мойынқұм аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.Иманбаев
28.03.2011 жыл
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ғ.Даминов
28.03.2011 жыл

Қолданыстағы