Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
- Атауы (қаз.)
- Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 30.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2013 58635_204362.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11CC000125
- ЭКБ идентификаторы
- 58635
- Редакция идентификаторы
- 58635_204362
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:43
0 Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында,Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1
1. «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан ер азаматтарды 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақырылсын.
2 2. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:
Кусмамбетов
Серік Жексенбаевич
- Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
Досымов
Бауыржан Әбдіғалиұлы
- Алға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің
маманы, заңгер
Комиссия мүшелері:
Жақыпов
Бақыт Темирбайұлы
- Алға аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Рущук
Ирина Ивановна
- Алға аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері комиссиясының аға дәрігері
Бахитжанова
Жамиля Бектурсиновна
- Алға аудандық орталық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы
3 3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
1 1) әскерге шақырылушыларды іссапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз ету;
2 2) техникалық қызметшілердің қажетті санын бөлу.
4 4. селолық (ауылдық) округтер әкiмдерi «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5 5. Алға ауданы орталық ауруханасы (С. Тәженов келісім бойынша) «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына бөлу ұсынылсын:
1 1) шақырылушыларға медициналық куәландыруды жүргiзу үшiн дәрігер-мамандар мен медбикелер және дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;
2 2) 2011 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі аралықта «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын (Ф. 025у) жеткiзсiн;
3 3) қажет болса «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша шақырылушыларды қосымша медициналық тексеруден өткізу қамтамасыз етсін, ол үшін бекітіліп берілген емдеу-профилактикалық ұйымдарға төсек-орынның қажетті санын бөлсін;
4 4) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан шақырылушылар туралы үш күннің ішінде «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласын.
6 6. Алға аудандық ішкі істер бөлімі (Н. Өрісбаев келісім бойынша)
1 1) шақырудың барлық кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн екi адамнан тұратын полиция нарядын бөлсiн;
2 2) әскери міндетті орындаудан бас тартушы адамдарды іздестіру және ұстау жүргізсін;
3 3) жетi күндiк мерзiм ішiнде «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын;
7 7. «Алға аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т. Төлегенов) шақыру бойынша шараларды орындауға байланысты шығындарды қаржыландыруға қаржы бөлсін.
8 8. Шақыруды жүргізу кезінде шақыру учаскесіне жұмыс істеуге жолданған шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталсын.
9 9. «Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Кусмамбетов С.) аудан әкіміне және Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 2011 жылдың 30 маусымы мен 30 желтоқсанында шақыру қорытындылары бойынша ақпарат беру тапсырылсын.
10
10. Алға ауданы әкімдігінің 2010 жылдың 26 сәуірдегі № 123 «Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру туралы» қаулысы күші жойылсын деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-109 болып тіркелді, 2010 жыл 18 мамыр № 26 «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланды).