Об утверждении размеров месячных ставок фиксированного налога на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размеров месячных ставок фиксированного налога на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01-02/32-16
- Қабылданған күні
- 18.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2011 58655_182816.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VF000133
- ЭКБ идентификаторы
- 58655
- Редакция идентификаторы
- 58655_182816
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:50
0 2011 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2011 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. Аягөз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 01-02/15-5 «2009 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлерін бекіту туралы» (2009 жылы 8 мамырда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-6-92 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 21-22 (9870-9871) сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының
2011 жылғы 18 наурыздағы
№ 01-02/32-16 шешімімен
бекітілген
Рет №
Салық салу нысанының атауы
Тіркелген салықтық базалық ставкаларының көлемі (айлық есептік көрсеткіште)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4
Бильярд үстелі
5