Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 179 · қабылданған 30.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58677/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 179 ·30.03.2011
26.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 179 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
179
Қабылданған күні
30.03.2011
Көрсетілген редакция
26.03.2012 AI58677_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11DP000135
ЭКБ идентификаторы
58677
Редакция идентификаторы
AI58677_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:43

0 Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылдың 03 наурыздағы N 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 03 наурызындағы N 1163 Жарлығын іске асыру туралы N 250 Қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қала, ауылдық округ әкімдеріне Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, 36 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесіне "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

2 2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

4 3. Қала, ауылдық округ әкімдері 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

5

4. "Панфилов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Амиров Мейрамбай Кенжебайұлы келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде ұйымдастырып жүргізсін, ішкі істер органдары әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.

6 5. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды бюджетте көзделген қаражат шегінде қамтамасыз етсін.

7

6. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" N 239 қаулысының күші жойылған деп танылсын (нормативтік құқықтық акті 2010 жылдың 25 мамырында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіміне N 2-16-114 болып енгізілген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 2010 жылғы 10-шы тамызында N 28 санында жарияланған).

8 7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына жүктелсін.

9 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Аудан әкімдігінің 2011 жылдың

30 наурыздағы "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2011 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" N 179 қаулысына
1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Мұқанов Мақсат Жақияұлы
"Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы
Насырбеков Хамза Бекназарұлы
Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, әскери жұмылдыру жөніндегі жауапты маман, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Керімқұлов Руслан Тоқтарбайұлы
"Панфилов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі
Әлпейісов Тұрысбек Тохтасынұлы
"ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Алматы облысы әкімдігінің Панфилов ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның хирург-дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы, комиссия мүшесі
Ахметова Тұрсынхан Райбекқызы
"ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Алматы облысы әкімдігінің Панфилов ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның медбикесі, комиссия хатшысы

Қолданыстағы