Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2011 год и сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2011 год и сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-3/128
- Қабылданған күні
- 21.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2013 58746_195252.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BM000132
- ЭКБ идентификаторы
- 58746
- Редакция идентификаторы
- 58746_195252
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:31
0 2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынысын назарға ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері, қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. 2011 жылдың 10 маусымына дейін субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімі анықталсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М.Өтешевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Жақсы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 21 сәуірдегі
№ А-3/128 қаулысына
қосымша
2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Себу мерзімі
1
Кеш мерзімді пісетін жазғы бидай
12-29 мамыр
2
Орта мерзімді пісетін жазғы бидай
14 мамырдан 5 маусымға дейін
3
Ерте мерзімді пісетін жазғы бидай
18 мамырдан 7 маусымға дейін
4
Жазғы арпа мен сұлы
7 маусымға дейін
5
Ас бұршақ
10 - 26 мамыр
6
Ноқат
10 - 16 мамыр
7
Қарақұмық
25 мамырдан 5 маусымға дейін
8
Күнбағыс май тұқымға
10 - 20 мамыр
9
Рапс
15 - 25 мамыр
10
Майлы зығыр
15 - 23 мамыр
11
Бір жылдық шөптер
10 маусымға дейін