Об определении оптимальных сроков проведения весенне-полевых работ по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков проведения весенне-полевых работ по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 15.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2011 58777_183706.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SE000128
- ЭКБ идентификаторы
- 58777
- Редакция идентификаторы
- 58777_183706
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:33
0 2011 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңы 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2011 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері келесі тәртіпте анықталсын:
жаздық бидай, орташакеш, орташа жетілген - 17-31 мамыр;
жаздық бидай, орташаерте – 28 мамыр–5 маусым;
арпа, орташакеш сорты - 25-30 мамыр;
арпа, орташажетілген сорты - 30 мамыр–5 маусым;
сұлы - 25-30 мамыр;
нут – 10-16 мамыр;
бұршақ - 20-30 мамыр;
қарақұмық - 20-30 мамыр;
тары - 28 мамыр–5 маусым;
рапс - 10-20 мамыр;
зығыр – 17-22 мамыр;
қыша – 17-22 мамыр;
майлы тұқымға күнбағыс – 15-20 мамыр;
картоп – 15-25 мамыр;
сүрлемдік жүгері - 16-31 мамыр;
күздік бидай – 25 тамыз–5 қыркүйек;
күздік қара бидай – 25 тамыз–5 қыркүйек;
сәбіз (тұқым) – 10-15 мамыр;
пияз (тұқым) – 10-15 мамыр;
қызылша – 25 мамыр–5 маусым;
қияр – 18 мамыр–5 маусым;
орамжапырақ көшеттері – 25 мамыр–10 маусым;
қызанақ көшеттері – 28 мамыр–10 маусым.