Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 2049 · қабылданған 05.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58780/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 2049 ·05.05.2011
01.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 2049 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2049
Қабылданған күні
05.05.2011
Көрсетілген редакция
01.01.2012 AI58780_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VN000128
ЭКБ идентификаторы
58780
Редакция идентификаторы
AI58780_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:25

0 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 20, 21, 23 баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, 2011 жылы көктемде (сәуір-маусым), күзде (қазан-желтоқсан) азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақытылы және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімді әскери қызметті өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2 2. Шақыру комиссиясы құрылсын (1 қосымша).

3 3. Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін (2 қосымша).

4 4. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (келісімі бойынша):

1 1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;

2 2) дәрігер мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен нұсқаулық сабақтарын жүргізу;

3 3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу ұсынылсын.

5 5. «Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директорына (келісімі бойынша), «Күршім ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директорына (келісімі бойынша):

1 1) шақырылушылардың зертханалық талдауларының және кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;

2 2) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесінде қажетті орындар санын қамтамасыз ету;

3 3) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің қажет санын бөлу;

4 4) шақырылушылардың уақытылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылау ұсынылсын.

6 6. Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (келісімі бойынша):

1 1) шақырылушыларды әскерге аттандыруда және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

2 2) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу ұсынылсын.

7 7. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.

8 8. Аудан әкімінің аппарат басшысына әскери қызметке шақырудың іс-шараларына жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

9 9. Ауылдық округ әкімдеріне шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандары туралы хабардар ету және шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

10 10. 2011 жылғы 30 наурыздағы "Күршім ауданы аумағында 2011 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы" № 2002 қаулысының күші жойылсын.

11 11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.

12 12. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Күршім ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы Д. Жииндинов
05.05.2011 ж.
Күршім аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы А. Әбілмәжінов
05.05.2011 ж.
«Күршім ауданының № 1 медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының директоры М. Блейменов
05.05.2011 ж.
«Күршім ауданының № 2 медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының директоры К. Кузьменко
05.05.2011 ж.

22 Шақыру комиссиясының құрамы

Күршім ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 2049 қаулысына
1 қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Дамир Оразбекұлы Жииндинов
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Шырақ Берікқанқызы Дабырбаева
аудандық ішкі саясат бөлімінің   жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Күлия Тұрсынғалиқызы Нұрсеитова
«Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Айдын Саулебекұлы Кабитаев
Күршім аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры, (келісім бойынша)
Жанат Қапасқызы Әміренова
«Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының поликлиника меңгерушісі (келісім бойынша)

23 Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі

Күршім ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 5 мамырда
№ 2049 қаулысына
2 қосымша
Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі

р/с
Ауыл­дық округ­тер­дің ата­у­ла­ры
Аза­мат­тар­дың бар­лы­ғы
Ке­лу күн­де­рі бой­ын­ша
24.03.2011 ж.
28.03.2011 ж.
30.03.2011 ж.
04.04.2011 ж.
06.04.2011 ж.
11.04.2011 ж.
13.04.2011 ж.
18.04.2011 ж.
20.04.2011 ж.
25.04.2011 ж.
1
Күр­шім
80
30
20
20
10
2
Ма­рал­ды
8
8
3
Қал­ғұ­ты
21
21
4
Құй­ған
17
17
5
Ба­лық­шы
9
9
6
Са­ры­ө­лең
22
22
7
Абай
15
15
8
Те­ректі
65
20
15
15
15
9
Бо­ран
64
30
25
9
10
Қал­жыр
29
29
11
Ақ­бұ­лақ
18
18
12
Төс­қай­ың
31
31
БАР­ЛЫ­ҒЫ:
379
50
50
36
40
39
45
46
24
24
25
Күршім ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы                   Д. Жииндинов

Қолданыстағы