О предоставлении в 2011 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2011 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района
- Атауы (қаз.)
- Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 355
- Қабылданған күні
- 22.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2013 AI58811_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NL000158
- ЭКБ идентификаторы
- 58811
- Редакция идентификаторы
- AI58811_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:31
0 Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармақтарына сәйкес, Қарабалық ауданы әкімінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 01-05/464 хатын қарастырып, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2
2. Бюджеттік кредит мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен белгіленген мерзімге және ставка бойынша беріледі.
3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарабалық ауданының
кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________ А. Бейсембаев
"Қарабалық ауданының
экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________________ Н. Бодня
"Қарабалық ауданының
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ Л. Булдакова