Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 66 · қабылданған 14.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58864/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 66 ·14.04.2011
06.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 66 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66
Қабылданған күні
14.04.2011
Көрсетілген редакция
06.02.2012 58864_201089.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11ZI000105
ЭКБ идентификаторы
58864
Редакция идентификаторы
58864_201089
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:34

0 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 1163 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" № 250 қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

2 2. Аудандық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында медициналық комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

3 3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін.

4 4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.

5 5. Батыс Қазақстан облысы "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.

6

6. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.

7

7. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Қаратөбе ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

8 8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, капитан
_____________Р. Мажитов
13.04.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Қаратөбе
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________З. Мағзомов
13.04.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Қаратөбе ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы, майор
_____________А. Сериков
13.04.2011 ж.

10 Комиссия мүшелері

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 14 сәуірдегі
№ 66 қаулысына қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Мажитов Рафхат Куанаевич - "Батыс Қазақстан облысы
                                 Қаратөбе ауданының Қорғаныс
                                 істері жөніндегі бөлімі"
                                 бастығы, комиссия төрағасы
                                 (келісім бойынша)
Мухитов Нурболат Абаевич - "Қаратөбе аудан әкімі
                                 аппараты" мемлекеттік
                                 мекемесінің бас маманы,
                                 комиссия төрағасының
                                 орынбасары
Комиссия мүшелері
Шамгалиев Нуркен         - "Батыс Қазақстан облысының
      Сагынгалиевич              Ішкі Істер департаменті
                                 Қаратөбе ауданының ішкі
                                 істер бөлімі" бастығының
                                 орынбасары (келісім бойынша)
Есекеева Румия Есболовна - Батыс Қазақстан облысының
                                 әкімдігі денсаулық сақтау
                                 басқармасының "Қаратөбе
                                 аудандық орталық ауруханасы"
                                 мемлекеттік коммуналдық
                                 қазыналық кәсіпорнының
                                 терапевт дәрігері -
                                 медициналық комиссияның
                                 төрайымы (келісім бойынша)
Карашолакова Болган      - Батыс Қазақстан облысының
      Умбеткалиевна              әкімдігі денсаулық сақтау
                                 басқармасының "Қаратөбе
                                 аудандық орталық ауруханасы"
                                 мемлекеттік коммуналдық
                                 қазыналық кәсіпорнының
                                 медбикесі - комиссия хатшысы
                                 (келісім бойынша)
Аудандық медициналық комиссияның құрамы
Медициналық комиссияның төрайымы, дәрігер
Дәрігер-мамандары:
Терапевт (Педиатр)
Хирург
Невропатолог
Отоларинголог
Офтальмолог
Дерматолог
Фтизиатр
Эндокринолог
Психиатр
Стоматолог

11 Аудан әкімдігінің

2011 жылғы 14 сәуірдегі
№ 66 қаулысымен бекітілген
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу кестесі
р/с
ҚІЖБ атауы
Сәуір
Мамыр
Маусым
Қазан
Қараша
Жел-
тоқсан
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі
1, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29
3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 27, 30, 31
1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30
3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28, 31
1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30
1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 15, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30, 31

Қолданыстағы