О микрокредитовании сельского населения и сельскохозяйственных товаропроизводителей в 2011 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О микрокредитовании сельского населения и сельскохозяйственных товаропроизводителей в 2011 году
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-3/227
- Қабылданған күні
- 28.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2011 AI58911_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006945
- ЭКБ идентификаторы
- 58911
- Редакция идентификаторы
- AI58911_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:28
0 2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру туралы
2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінің 34 және 36-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына мыналар белгіленсін:
1 1) ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ағын кредит беру кезінде:
сыйақы ставкасы жылдық - 9,5% -дан артық емес;
шағын кредиттерді беру мерзімі - 3 жылдан артық емес;
берілетін шағын кредиттердің мөлшері - 1 000,0 мың теңгеден артық емес;
2 2) ірі қара малдың аналық басын және етті тұқымды төлдің өсімін молайтуға арналған асыл тұқымды бұқаларды дамыту үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру кезінде:
сыйақы ставкасы жылдық - 6% -дан артық емес;
шағын кредиттерді беру мерзімі - 7 жылдан артық емес;
берілетін шағын кредиттердің мөлшері - 8 500,0 мың теңгеден артық емес.