Құжат мәтініне өту

О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся очной формы обучения на третий и четвертый кварталы 2011 года

Өзге акт · № 496 · қабылданған 11.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-58967/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся очной формы обучения на третий и четвертый кварталы 2011 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 496 ·11.05.2011
24.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся очной формы обучения на третий и четвертый кварталы 2011 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 496 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся очной формы обучения на третий и четвертый кварталы 2011 года
Атауы (қаз.)
Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2011 жылдың үшінші және төртінші тоқсандарында жеңілдікпен жол жүруі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
496
Қабылданған күні
11.05.2011
Көрсетілген редакция
24.01.2012 58967_172812.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11KA000134
ЭКБ идентификаторы
58967
Редакция идентификаторы
58967_172812
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:24

0 Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2011 жылдың үшінші және төртінші тоқсандарында жеңілдікпен жол жүруі туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарағанды қаласы білім алушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2011 жылдың үшінші және төртінші тоқсандарында жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

1 1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі білім алушыларын қосып алғанда – тегін жүру (2011 жылдың 01 шілдесінен 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін есептемегенде);

2

2) жалпы білім беретін оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі білім алушыларына, кәсіптік лицейлер мен колледждердің білім алушыларына (тоғызыншы сынып негізінде бірінші курстан екінші курсқа дейін), оқушының белгілі күнтізбелік мерзімге арналған ұзақ мерзімді пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеумен (2011 жылдың 01 шілдесінен 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін есептемегенде);

3

3) барлық меншік түріндегі кәсіптік лицейлерде, колледждер (он бірінші сыныптардың негізінде) мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде білім алушыларға белгілі күнтізбелік мерзімге арналған ұзақ мерзімді пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеумен (2011 жылдың 01 шілдесінен 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін есептемегенде).

2

2. Барлық меншік түріндегі Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында, кәсіптік лицейлерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде білім алушылардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңілдіктер жаз мезгілінде (2011 жылдың 01 шілдесінен 31 тамызға дейін) сақталсын:

1 1) жетім балаларға;

2 2) ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға;

3 3) дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға;

4 4) жасынан мүгедек және мүгедек балаларға;

5 5) көп балалы отбасы балаларына;

6 6) ата-анасының бірінен айрылған балаларға;

7 7) жалғыз басты аналар балаларына.

3 3. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

1

1) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-107 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 140 (604) "Взгляд на события" газетінде жарияланған);

2

2) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы XLIII сессиясының "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" N 441 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 147 (751) "Взгляд на события" газетінде жарияланған);

3

3) IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы XLVII сессиясының "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 301 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 482 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-132 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 049 (801) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.

5 5. Осы шешім оның ресми жарияланғаннан күнінен кейін 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады.

Келісілді:
"Қарағанды қаласының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Д. Жекебаев
13.05.2011 ж.

Қолданыстағы