Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения на 2011 год

Қаулы · № 134 · қабылданған 13.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-59022/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения на 2011 год Күшін жойған Қаулы ·№ 134 ·13.05.2011
02.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения на 2011 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 134 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения на 2011 год
Атауы (қаз.)
2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
134
Қабылданған күні
13.05.2011
Көрсетілген редакция
02.05.2013 AI59022_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11NL000159
ЭКБ идентификаторы
59022
Редакция идентификаторы
AI59022_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:21

0 2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 13), 14) тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 5-бабы 2–тармағына, 7-бабы 2-тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2011 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтары осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

2 2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А.Исенбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтары

Әкімдіктің
2011 жылғы 13 мамырда
№ 134 қаулысымен бекітілді
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін
2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтары

1 1. Аз қамтылғандар.

2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.

6 6. Зейнеталды жасына келген тұлғалар (жасы бойынша зейнетке шығуға екі жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар.

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

12 12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар.

13 13. Ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (он екі және одан да көп ай).

14 14. Техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

15 15. Елу жастан асқан тұлғалар.

Қолданыстағы