О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аксуского региона в 2011 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аксуского региона в 2011 году
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы Ақсу аймағының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 295/34
- Қабылданған күні
- 09.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2014 59228_207745.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PB000176
- ЭКБ идентификаторы
- 59228
- Редакция идентификаторы
- 59228_207745
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:13
0 2011 жылы Ақсу аймағының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес, облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXXI сессиясы) 2011 жылғы 31 қаңтардағы "Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессиясы) 2010 жылғы 13 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 324/29 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 338/31 шешімі негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 70 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы, қосымшаға сәйкес, берілсін.
2 2. Айлық есеп көрсеткіші алты жүз отыз есе мөлшерден аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау, қосымшаға сәйкес, көрсетілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5 Ақсу қалалық мәслихатының
(IV сайланған XXXIV сессиясы)
2011 жылғы 9 маусымдағы
№ 295/34 шешіміне
қосымша
Әлеуметтік қолдау шарасының атауы
Саны
1 адамға төленетін сома (теңге)
Жалпы сома (теңге)
Көшерақы
43
105840
4551120
Бюджеттік несие
26
952560
24766560