Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2011 году в Енбекшильдерском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2011 году в Енбекшильдерском районе
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-5/154
- Қабылданған күні
- 07.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2014 59240_194919.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BJ000141
- ЭКБ идентификаторы
- 59240
- Редакция идентификаторы
- 59240_194919
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:14
0 Еңбекшілдер ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10–тармағына және «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 482 ұсынысына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Еңбекшілдер ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3 3. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің осы қаулысының күші 2011 жылғы 1 мамырдан бастап, қалыптасқан құқықтық қатынастарға таратылады.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Еңбекшілдер ауданы
әкімдігінің 2011 жылғы
7 маусымдағы № А-5/154
қаулысына қосымша
Еңбекшілдер ауданында 2011 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері
№ п/п
Дақылдардың атауы
Өтінімді беру мерзімдері
Егу мерзімдері
1
Орташа–кеш жаздық бидай
3 мамырдан 15 маусымға дейін
12 мамырдан 29 мамырға дейін
2
Орташа пісетін жаздық бидай
3 мамырдан 15 маусымға дейін
14 мамырдан 5 маусымға дейін
3
Орташа-ерте жаздық бидай
3 мамырдан 15 маусымға дейін
18 мамырдан 7 маусымға дейін
4
Жаздық арпа мен сұлы
3 мамырдан 15 маусымға дейін
7 маусымға дейін
5
Бұршақ
3 мамырдан 15 маусымға дейін
18 мамырдан 2 маусымға дейін
6
Ноқат
3 мамырдан 15 маусымға дейін
7 мамырдан 16 мамырға дейін
7
Қарақұмық
3 мамырдан 15 маусымға дейін
25 мамырдан 4 маусымға дейін
8
Майлы тұқымға себілетін күнбағыс
3 мамырдан 15 маусымға дейін
7 мамырдан 20 мамырға дейін
9
Рапс
3 мамырдан 15 маусымға дейін
20 мамырдан 27 мамырға дейін
10
Майлы зығыр
3 мамырдан 15 маусымға дейін
15 мамырдан 25 мамырға дейін
11
Бір жылдық шөптер
3 мамырдан 15 маусымға дейін
10 маусымға дейін
12
Сүрлемге арналған жүгері
3 мамырдан 15 маусымға дейін
18 мамырдан 25 мамырға дейін
13
Картоп
3 мамырдан 15 маусымға дейін
10 мамырдан 28 мамырға дейін
14
Көкөністер
3 мамырдан 15 маусымға дейін
10 мамырдан 15 маусымға дейін
15
Көпжылдық дәнді және бұршақты шөптердің ерте көктемгі егісі
3 мамырдан 15 маусымға дейін
5 мамырға дейін
16
Көпжылдық дәнді және бұршақты шөптердің көктемгі егісі
3 мамырдан 15 маусымға дейін
1 мамырдан 15 мамырға дейін