Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости безработных из целевых групп населения на 2011 год

Қаулы · № 260/3 · қабылданған 26.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-59245/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости безработных из целевых групп населения на 2011 год Күшін жойған Қаулы ·№ 260/3 ·26.05.2011
19.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости безработных из целевых групп населения на 2011 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 260/3 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости безработных из целевых групп населения на 2011 год
Атауы (қаз.)
2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтары ішіндегі жұмыссыздарды жұмыспен қамту аясында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
260/3
Қабылданған күні
26.05.2011
Көрсетілген редакция
19.03.2012 59245_198665.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PG000123
ЭКБ идентификаторы
59245
Редакция идентификаторы
59245_198665
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:17

0 2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтары ішіндегі жұмыссыздарды жұмыспен қамту аясында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтары ішіндегі жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2011 жылға нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесі анықталсын:

1 1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

2 2) 50 жастан асқан әйелдер мен 55 жастан асқан ер адамдар;

3 3) он екі ай және одан аса-ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар;

4 4) бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасының тұлғалары;

5 5) "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекеменің (әрі қарай – Бөлім) жолдамасы бойынша кәсіби даярлау мен қайта даярлау курсын өткен жұмыссыздар;

6 6) 2011 жылы оқу мекемелерінде бастапқы, орта және жоғары білімдерін кәсіби аяқтаған тұлғалар.

2

2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шарасы ретінде - кәсіби бастауыш, орта және жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектерге жұмысқа орналасу үшін "жастар тәжірибесінен" өткен кезде, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен белгіленген, жұмыс берушіге ең аз еңбекақы мөлшерінен кем емес шығынды өтеу белгіленсін.

3 3. Бөлімге нысаналы топтар ішінен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және жұмыс берушілермен жасалған шарттарға сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы