Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест в Жанааркинском районе на 2011 год

Қаулы · № 154 · қабылданған 09.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-59349/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест в Жанааркинском районе на 2011 год Күшін жойған Қаулы ·№ 154 ·09.06.2011
09.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест в Жанааркинском районе на 2011 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 154 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест в Жанааркинском районе на 2011 год
Атауы (қаз.)
2011 жылы Жаңаарқа ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
154
Қабылданған күні
09.06.2011
Көрсетілген редакция
09.06.2011 AI59349_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11KL000107
ЭКБ идентификаторы
59349
Редакция идентификаторы
AI59349_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:13

0 2011 жылы Жаңаарқа ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы бекітілсін.

2 2. Уәкілетті орган – "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі):

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен нысаналы топтардағы, жұмыс істеуге ниет білдірген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жұмыстарын жүргізу;

2 2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізсін;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінен елу пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен бөлшектеліп өтеледі.

4 4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

9 Жаңаарқа ауданы әкімдігінің

9 маусым 2011 жылғы
N 154 қаулысымен бекітілген
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы

1 1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінішті уәкілетті орган "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (одан әрі – Уәкілетті орган) береді.

2

2. Уәкілетті орган әлеуметтік орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктегенде келесідей талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлем қабылеттілігі, еңбекақыны уақытында төленуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормасына сәйкестігі, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, Уәкілетті органмен келісілген келісім-шарт уақытының аяқталғананнан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.

3

3. Келісім-шартта екі жақтың міндеттері, жұмыстын түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Келісім-шарт 6 айдан аспайтын мерзімге жасалынады. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

4 4. Жұмыс берушімен келісім-шарт жасалғаннан кейін, Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналасу үшін нысаналы топтардағы жұмыссыздарға жолдама береді.

5 5. Жұмыс беруші жолдама алған жұмыссызды әлеуметтік орынына алады, онымен келісім-шартқа отырады, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.

6

6. Жұмыс беруші еңбек ақыны төлеуде шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдың 20 күніне дейін Уәкілетті органға белгілінген тәртіпте келесіні ұсынады: жұмысқа алу туралы бұйрықтан үзінді, жұмыс уақытын есептеу тізімін, әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмысшылар есебі мен атқарылған жұмыстардың актісі.

7 7. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасының орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Қолданыстағы